Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Мәслихаттар бірқатар өңірде бизнес үшін салық мөлшерлемесін төмендетті
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 06 желтоқсан, 2025 | 11:26
2 минут - оқу уақыты

Мәслихаттар бірқатар өңірде бизнес үшін салық мөлшерлемесін төмендетті

Жергілікті мәслихаттар салық режимін 2%-ға төмендете алады

Руслан Пряников
Руслан Пряников

Қазақстанның бірқатар өңірінде оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі бойынша мөлшерлемені төмендету туралы шешімдер қабылданды.

Бұған дейін «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы мәслихаттарды жаңа АСР бойынша мөлшерлемелерді 2025 жылдың 1 желтоқсанына дейін төмендету бойынша нақты және жылдам шешімдер қабылдауға шақырған болатын. Бұл шешімдер бизнеске жаңа шарттарға көшуге және қызметін жоспарлауға жеткілікті уақыт беру үшін қажет.

«Оңайлатылған декларация негізіндегі АСР үшін базалық мөлшерлеме – 4%, бірақ жергілікті мәслихаттар оны 50%-ға дейін төмендете (2%-ға) немесе көтере (6%-ға) алады» деді палатада.

Өңірлердің көпшілігі, соның ішінде ірі қалалар мөлшерлемені 50%, яғни 4%-дан 2%-ға төмендету туралы шешім қабылдаған. Атап айтқанда 11 облыс барлық немесе көп аудандар үшін мөлшерлемені төмендетті: Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Абай, Қарағанды, Қызылорда, Түркістан облыстарының барлық аудандары, ал Ақмола облысы – 20 ауданның 18-інде, Ақтөбе облысы – 13 ауданның 10-ында, Алматы облысы – 11 ауданның 4-еуінде және Жетісу облысы – 10 ауданның 3-еуінде мөлшерлеме 2% болады. 

Шымкент қаласы да ставканы 4%-дан 2%-ға төмендетті. Сонымен қатар Маңғыстау облысында 1 аудан (Түпқараған) үшін мөлшерлеме 2%-ға төмендетті.

Айта кетейік, кейбір өңірде салық мөлшерлемесі 3% деңгейінде белгіленді. Олар: Астана мен Алматы, Павлодар мен Ұлытау облысының барлық аудандары, Қостанай облысының 7, Солтүстік Қазақстан облысы 12, Ақтөбе облысының 3 ауданы, Алматы облысында 4, Маңғыстау облысында 4, Жетісу облысының 7 ауданы, сонымен қатар Көкшетау мен Орал қаласы.

Бұған қоса, кейбір аудандар мен қалаларда базалық мөлшерлеме 4% деңгейінде қалдырылды: Ақмола облысы – 1 аудан (Жақсын), БҚО – 12 аудан, Қостанай облысы – 13 аудан, Маңғыстау облысы – 2 аудан (Мұнайлы, Маңғыстау) және СҚО – 2 ауданда (Шал Ақын, М. Жұмабаев).

Палата мәліметінше, Алматы облысында 3 ауданға (Кеген, Райымбек, Балқаш) мөлшерлемені төмендету туралы шешім 2025 жылдың 3 желтоқсанындағы жағдай бойынша қабылданбаған.

Еске салсақ, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап бөлшек саудадағы оңайлатылған, арнаулы салық режимінің (АСР) күші жойылып, оңайлатылған декларация негізіндегі жаңартылған АСР енгізу жоспарланып отыр.

Бүгінде АСР – микро, шағын және орта бизнес үшін базалық режим. Оңайлатылған декларация негізінде АСР қолдануға қатысты шектеулер тізімі айтарлықтай төмендетіліп, қолданыстағы заңнамамен сәйкестендірілді.

Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі – Қазақстандағы шағын және орта бизнес үшін салық салудың бір түрі. Салықтық жүктемені төмендетуге қатысты бұл бастама өңірлерде кәсіпкерлік қызметті ынталандыруға бағытталған.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.