Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
  1. Басты бет
  2. Туризм
  3. Қазақстан екі жылда бес трансшекаралық хабты іске қосуды жоспарлап отыр
  1. Жаңалықтар
  2. Туризм
Astana, Kazakhstan • 27 қараша, 2025 | 12:04
1 минут - оқу уақыты

Қазақстан екі жылда бес трансшекаралық хабты іске қосуды жоспарлап отыр

Трансшекаралық хабтар шикізаттық емес тауарлар экспортын 30%-ға ұлғайтуға мүмкіндік береді

telegram/KZgovernment
telegram/KZgovernment

Қазақстанды негізгі көлік-логистикалық торапқа айналдыру мақсатында 2026-2027 жылдары бес ірі трансшекаралық хабты іске қосу жоспарланып отыр.

Үкімет отырысында сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев бүгінгі таңда барлық бағыт бойынша басқарушы компаниялар анықталып, инфрақұрылымдар құрылысы қарқынды жүріп жатқанын айтты.

Атап айтқанда, Өзбекстанмен шекарада елдер арасындағы тауар айналымын $10 млрд-қа дейін жеткізуге арналған «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығы құрылып жатыр. Елдің шығысында «Қорғас» ХШЫО» мен «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймақтарын біріктіретін Қорғас торабы дамуда. Мұнда Қытаймен өткізу қабілетін арттыру үшін SkyHansa халықаралық әуежайы және жаңа логистикалық кешендер салынып жатыр.

Арман Шакқалиевтің айтуынша, сонымен қатар Каспий торабын дамыту бойынша да жұмыстар жүргізілуде, онда Ақтау және Құрық порттарында контейнерлік хаб пен «Саржа» көпфункционалды терминалының құрылысы бой көтермек. Батыс бойынша БҚО-да Ресейге экспортқа бағдарланған «Еуразия» трансшекаралық сауда орталығы жұмыс істеп тұр. Ал Жамбыл облысында «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» бағдарында Индустриялық сауда-логистикалық кешен құрылуда. Ол Қырғызстанмен шекарада тауар ағындарын өңдеуді және бөлуді қамтамасыз етеді.

«Біз инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың белсенді кезеңіне аяқ басқалы отырмыз. Бұл кезеңде жобаларды нақты іске қосуға, логистикалық мүмкіндіктерді кеңейтуге және бизнесті кооперацияның жаңа форматтарына тартуға баса назар аударылатын болады. Бұл хабтарды іске қосу шекара маңындағы мемлекеттермен сауда процестерін едәуір жеделдетуге, шикізаттық емес экспорт көлемін 30%-ға арттыруға және қазақстандық компаниялар үшін тиімді логистикалық жағдайларды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», деп атап өтті министр.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.