Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
  1. Басты бет
  2. Мәдениет
  3. Алматының қуыршақ театрына жаңа мәртебе берілді
  1. Жаңалықтар
  2. Мәдениет
Astana, Kazakhstan • 06 желтоқсан, 2025 | 13:48
1 минут - оқу уақыты

Алматының қуыршақ театрына жаңа мәртебе берілді

Театр іргесінің қаланғанына биыл 90 жыл толды

gov.kz
gov.kz

Биыл Алматыдағы Мемлекеттік қуыршақ театрына - 90 жыл толды. Өнер ордасына академиялық мәртебе берілді.

Кішкентай көрермендерді ертегілер әлеміне жетелейтін Мемлекеттік қуыршақ театрының негізі 1935 жылы белгілі қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтың бастамасымен қаланған. Өнер ордасы бүгінде көрерменнің сұранысына сай танымдық әрі тәрбиелік мәні зор әр алуан бағыттағы қызықты да көңілді, көркемдік деңгейі жоғары спектакльдер легін ұсынып келеді.

Репертауардағы «Ортеке», «Наурыз құпиясы», «Ұр, тоқпақ!», «Ер Төстік», «Қаңбақ шал», «Алтын адам» сынды балаларға арналған спектакльдер ұлттық құндылықтарды дәріптеп қана қоймай, балаларды патриоттық, батылдық, жасампаздық секілді ізгі қасиеттерге жетелейді. Сондай-ақ «Мен кіммін..», «Шекпен», «Шал мен теңіз», «Ана – Жер ана», «Макбет. Иллюзия», «Ромео мен Джульетта» сынды спектакльдер әлем әдебиетінің үздік үлгілері сахналанып келеді.

Қуыршақ театры үшін соңғы жылдардағы ең ірі мәдени бастамалардың бірі – «Almaty Puppet Festival» халықаралық қуыршақ театрлар фестивалін ұйымдастырып келеді. Аталған жоба Алматыны халықаралық қуыршақ өнерінің маңызды орталықтарының біріне айналдырды. Фестиваль аясында Испания, Италия, Чехия, Польша, Қытай, Үндістан, Болгария, Түркия, Ресей, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстанның таңдаулы ұжымдары бас қосып, шығармашылық тәжірибе алмасып, қуыршақ өнерінің жаңа бағыт-бағдарын бірге талқылайтын кәсіби алаң қалыптасты.

Сонымен қатар, ұжым Франция, Канада, Болгария, Түркия сынды бірқатар елде өткен айтулы халықаралық театр фестиваліне қатысып, жүлделі орыннан көріне білді.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.