Парижде өткен Қазақстан-Франция іскерлік кеңесінің отырысы мен Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі 16-шы Үкіметаралық комиссияның мәжілісі аясында Қазақстан Республикасы мен Airbus компаниясы A320neo ұшақтарын жеткізу туралы маңызды келісімге қол жеткізді. Іс-шараға Қазақстанның Көлік вице-министрі Талғат Ластаев қатысты.
Келісімнің негізгі тармағы Airbus A320neo әуе кемелерін жеткізу бойынша Меморандум папкаларымен алмасу болды. Құжатта алғашқы 25 ұшақты алу және кейін санын 50 бірлікке дейін ұлғайту мүмкіндігі көзделген.
Тараптар 2031 жылға жоспарланған жеткізу кестесін және оны жеделдету ықтималдықтарын талқылады. Сонымен қатар, Талғат Ластаев Airbus-пен бірлесіп авиациялық оқу орталығын құру және әуе кемелерін лизингке беру тетіктерін пысықтады.
Үкіметаралық комиссия шеңберінде халықаралық серіктестермен инфрақұрылымдық кооперация мәселелері де назарға алынды. Атап айтқанда, TAV Airports компаниясымен Қазақстан әуежайларын жаңғырту, Alstom-пен өнеркәсіптік интеграция бағыттары қаралды.
Көлік байланыстарын кеңейту мақсатында Париж–Астана бағытын қайта іске қосу және Шымкент–Ницца әуе рейсін ашу мүмкіндігі талқыланды.
Дереккөз: Көлік министрлігі