Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. «Атамекен» мәслихаттарды арнайы салық мөлшерлемесін тездетіп бекітуге шақырады
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 13 қараша, 2025 | 22:06
1 минут - оқу уақыты

«Атамекен» мәслихаттарды арнайы салық мөлшерлемесін тездетіп бекітуге шақырады

Қолданыстағы салық ставкасы 2026 жылы 1 қаңтарда күшін жояды

Руслан Пряников
Руслан Пряников

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мәслихаттарды салық реформасын талқылауға белсенді қатысып, 2025 жылдың 1 желтоқсанына дейін оңайлатылған декларация негізінде жаңа арнайы салық режимі (АСР) бойынша мөлшерлемелерді төмендету жөнінде жедел және нақты шешім қабылдауға шақырды.

Палата пайымынша, бұл жедел қадам бизнестің өз қызметін жоспарлауға және 2026 жылдан бастап күшіне енетін жаңа жағдайларға уақтылы көшуіне мүмкіндік беру үшін қажет. Себебі келесі жылы қолданыстағы АСР-лардың күші жойылады.

«2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап бөлшек сауда салығы негізіндегі АСР-ды алып тастап, оның орнына оңайлатылған декларация негізіндегі жаңартылған АСР енгізу жоспарланып отыр», деді палатада. 

13 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстанның бірқатар өңірінде төмендетілген салық мөлшерлемелері келесі өңірлерде бекітілді. Атап айтқанша, Ақмола облысы – Жақсы ауданынан басқа барлық аудандарда 2%; Атырау облысында Атырау қаласы, Махамбет және Жылыой аудандарында 2%, Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында 2%; Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданында 3% етіп бекітті.

Еске салсақ, жаңа арнайы салық режимі бойынша базалық мөлшерлеме 4% құрайды. Ал, аталған 2% және 3% ол – мәслихаттардың салықты 50%-ға дейін төмендету құқығын пайдалана отырып бекіткен жеңілдетілген мөлшерлемелер.

2026 жылға арналған АСР мөлшерлемелерін бекіту мерзімі 2025 жылдың 1 желтоқсанына дейін. Кәсіпкерлер палатасы жергілікті өкілді органдарды (мәслихаттарға) аталған мерзімге дейін мөлшерлемені бекітуге шақырды.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.