Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
  1. Басты бет
  2. Спорт
  3. Қазақстан құрамасы блоктық садақ атудан алғаш рет Азия чемпионы атанды
  1. Жаңалықтар
  2. Спорт
Astana, Kazakhstan • 13 қараша, 2025 | 17:17
1 минуттан кем минут - оқу уақыты

Қазақстан құрамасы блоктық садақ атудан алғаш рет Азия чемпионы атанды

Жарысқа құрлықтың 29 елінің спортшылар қатысып жатыр

www.gov.kz
www.gov.kz

Қазақстан құрамасы блоктық садақ атудан алғаш рет алтын медаль жеңіп алды. Азия чемпионаты Бангладештің Дакка қаласында өтіп жатыр.

Қазақстандық садақшылар финалда Үндістан құрамасынан 240:228 есебімен басым түсті. Ұлттық құрама сапында Ділмұхамед Мұса, Бунед Мирзаметов және Андрей Тютюн өнер көрсетті.

Шешуші кезеңге дейін отандастарымыз 1/8 финалда Ирак құрамасын (234:225), ширек финалда Иран құрамасын (233:231), ал жартылай финалда Корея құрамасын (236:235) жеңді.   

Айта кетейік, садақ ату – Қазақстанда жүйелі түрде дамып келе жатқан 46 басым спорт түрінің бірі. Садақ атудан Азия чемпионаты ертең аяқталады, жарысқа құрлықтың 29 елінен 207 спортшы қатысып жатыр.

Дереккөз: Спорт комитеті

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.