Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Семейде 25 мың орындық жаңа стадионның құрылысы басталды
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 04 желтоқсан, 2025 | 17:32
1 минут - оқу уақыты

Семейде 25 мың орындық жаңа стадионның құрылысы басталды

20 гектар аумақта бой көтеретін жаңа стадионның құрылысы екі жыл ішінде аяқталады деп жоспарлануда

Абай облысының әкімдігі
Абай облысының әкімдігі

Семей қаласында ірі спорттық инфрақұрылымның құрылысы басталды. Қала әкімдігі мен «KAZ Minerals» ЖШС арасында жасалған меморандум аясында 25 мың орындық заманауи стадион салынбақ. Қазіргі уақытта мердігермен үш жақты келісімшартқа қол қойылып, құрылыс алаңы қоршалып, жер қазу және тегістеу жұмыстары жүріп жатыр.

Жоба жоспарына сәйкес аумақта асфальтбетон жолдар мен алаңдар салынады. Сонымен қатар архитектуралық және инженерлік шешімдер өңірдің табиғи-климаттық және геологиялық ерекшеліктерін ескере отырып әзірленген. Стадион құрылысы екі жыл ішінде толық аяқталмақ.

Стадион құрылысы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен жүзеге асып жатқан «Абайға құрмет» акциясы аясында қолға алынған бірқатар жобалардың бірі. Осы бастама бойынша еліміздің бірнеше өңірі Семейге әртүрлі әлеуметтік нысандар салып беруге ұсыныс білдірген.

Атап айтқанда, Маңғыстау облысы — Достық үйін, Шымкент — шығармашылық орталығы мен Мәдениет үйін, Түркістан облысы — көрме орталығын, Астана — Келешек мектебін, Ақтөбе — жекпе-жек орталығын, Павлодар — үстел теннисі орталығын, Солтүстік Қазақстан — рәміздер алаңын, Қызылорда — «Анаға тағзым» орталығын, Батыс Қазақстан — желілік саябақ салуды, ал Шығыс Қазақстан облысы Ертіс жағалауын абаттандыруды жоспарлап отыр.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.