Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қазақстанда жобалар сараптамасы 1 қаңтардан бастап жаңа цифрлық платформаға көшеді
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 04 желтоқсан, 2025 | 15:57
1 минут - оқу уақыты

Қазақстанда жобалар сараптамасы 1 қаңтардан бастап жаңа цифрлық платформаға көшеді

2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін сараптамаға тапсырылған барлық жобалар бойынша рәсімдер бұрынғы epsd.kz порталында аяқталады

Freepik
Freepik

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жобаларды әзірлеу және сараптамадан өткізу процесі толықтай жаңа цифрлық платформаға ауысады. Ол «бір терезе» қағидасы бойынша жұмыс істеп, қазіргі қолданылып жүрген epsd.kz порталын толық алмастырады.

Жаңа портал құрылыс саласындағы тапсырыс берушілерді, салалық реттеушілерді, жобалау және сараптама ұйымдарын бір бірыңғай цифрлық ортада біріктірмек. Платформа жобалау кезеңінен бастап нысанның толық цифрлық өмірлік циклін жүргізуге мүмкіндік беріп, процестердің ашықтығы мен тиімділігін арттыруды мақсат етеді.

2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін сараптамаға тапсырылған барлық жобалар бойынша рәсімдер бұрынғы epsd.kz порталында аяқталады. Ал жаңа 2026 жылдан бастап кешенді қала құрылысы сараптамасы, ведомстводан тыс кешенді сараптама және құрылыс жобаларының мемлекеттік банкіне өтінім қабылдау тек жаңа портал арқылы жүзеге асырылады.

«Мемсараптама» РМК жаңа жүйеге кезең-кезеңімен көшу үшін оқыту іс-шараларын ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Бұл құрылыс нарығының қатысушыларын жаңа цифрлық құралдармен жұмыс істеуге дайындауды және бейімдеуді көздейді.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.