2025 жылдың 9 айында автонесиесіне өтініштердің саны 48%-ға өсіп, жаңа берілген несиелердің көлемі 47%-ға артты.
Талдау деректеріне сүйенетін болсақ, автонесиеге сұраныстың артуы бірнеше факторға байланысты. Автокөліктер тек жеке қажеттілік үшін емес, жеткізу, такси және шағын бизнеске арналған табыс көзі ретінде де пайдаланыла бастады. Банктер мен автодилерлер өз кезегінде акциялық өнімдер мен жаңа бағдарламаларды ұсынып, клиенттерге несие алу мүмкіндігін жеңілдетті.
Көлік несиесі портфелінің өсуі мен жаңа несиелердің көлемі 2024 жылмен салыстырғанда өтініштердің мақұлдану көрсеткіші 16,5%-дан 17,5%-ға дейін өскен, ал қарыздар бойынша мерзімі өткен берешек 3,3% деңгейінде қалып отыр, бұл бөлшек несие нарығының орташа көрсеткішінен төмен.
Сондай-ақ, елімізде автокөлік өндірісі 106,7 мың бірлікке жетіп, елде өндірілген көліктердің жалпы тіркелген автокөліктердегі үлесі 11%-ға дейін өсті. Бұл автонесиеге қолжетімділікті арттыруға және сұранысты қолдауға ықпал етті.
Дегенмен, нарық циклінің өзгеруі байқалуда. 4-тоқсанда базалық мөлшерлеменің өсуі, жаңа реттеушілік шектеулер және кейбір жеңілдетілген автокөліктерді импорттаудың тоқтатылуы автонесиеге сұранысты бәсеңдетуі мүмкін.
Автонесие беру бөлшек несие нарығындағы үлесі де артты. Атап айтсақ, ол жаңа берілген несиелерде 12,4%-ға, жалпы несие портфелінде 15,9%-ға жетті. Бұл автокөлікті жеке және бизнес мақсатында сатып алуға сұраныстың жоғары екенін және банктер үшін қауіп деңгейі төмен өнімге сұраныстың өскенін көрсетеді.
Дереккөз: Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы