Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қарағанды – Балқаш автожолына 14 кешенді лазерлік жарық жүйесі орнатылды
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 04 желтоқсан, 2025 | 12:22
1 минут - оқу уақыты

Қарағанды – Балқаш автожолына 14 кешенді лазерлік жарық жүйесі орнатылды

Бұған дейін Астана – Теміртау автожолының Ошағанды ауылы тұсында пилоттық режимде іске қосылған бұл инновациялық жүйе тиімділігін көрсеткен

QAJ
QAJ

Қарағанды – Балқаш автожолының учаскесінде жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру мақсатында 14 кешенді лазерлік жарық құрылғылары іске қосылды. Жүйе түнгі уақытта жүргізушілердің қауіпті жағдайларды уақытылы байқап, әрекет жасауына мүмкіндік береді.

Бұған дейін Астана – Теміртау автожолының Ошағанды ауылы маңында инновациялық лазерлік ескерту жүйесі пилоттық режимде іске қосылып, жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруда тиімділігін дәлелдеген. Осы сынақ нәтижесінің оң болғанына байланысты жоба республикалық маңызы бар Астана – Қарағанды – Алматы бағыты бойынша Қарағанды – Балқаш учаскесіне кеңейтілді.

Жүйе арнайы сәулелік белгілер арқылы жүргізушінің көру аймағына тікелей ақпарат береді. Бұл тәсіл шаршау, зейіннің төмендеуі және шектеулі көріну сияқты жол-көлік оқиғаларына әкелетін факторларды азайтуға бағытталған. Лазерлік белгілер жүргізушінің қозғалыс жылдамдығы мен бағытын уақытылы түзетуіне көмектеседі, әсіресе ұзақ түзу жолдарда және әдеттегі жол белгілері жеткіліксіз жерлерде тиімді.

Мамандардың айтуынша, жүргізушілердің лазерлік белгілерге әрекет ету уақыты әдеттегі жол белгілеріне қарағанда бірнеше есе жылдам. Шетелдік тәжірибе көрсеткендей, мұндай технология енгізілген учаскелерде жол-көлік оқиғалары 40-50 %-ға төмендеген.

Дереккөз: QAJ

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.