Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қазақстанда желтоқсан айында азық-түлік сұранысына дайындық пысықталды
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 01 желтоқсан, 2025 | 15:36
1 минут - оқу уақыты

Қазақстанда желтоқсан айында азық-түлік сұранысына дайындық пысықталды

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізімі уақытша толықтырылды

Руслан Пряников
Руслан Пряников

ҚР Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен инфляцияны тұрақтандыру жөніндегі кеңесте желтоқсан айына арналған азық-түлікпен қамтамасыз ету және баға тұрақтылығын сақтау шаралары қаралды.

Қарашаның алғашқы үш аптасында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы өзгермеген. Желтоқсан айы тұтынушылық сұраныс артатын дәстүрлі кезең болғандықтан, кеңеске қатысушылар супермаркеттер мен базарларда сұранысы жоғары тауарлардың жеткілікті болуын және бағаның тұрақтылығын қамтамасыз ету шараларын талқылады.

Сауда комитеті әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін уақытша кеңейту жобасын әзірледі. Тізімге бағасы жиі құбылатын тауарлар енгізіліп отыр. Жақын күндері құжат бизнес-қоғамдастықпен және «Атамекен» палатасымен егжей-тегжей талқыланатын болады.

Өңірлерде биыл 5 мыңнан астам ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткен. Желтоқсанда сауда желілерімен бірлесіп республикалық «Береке fest» акциясы қайта өткізілмек, сондай-ақ жергілікті әкімдіктер жаңа жыл алдында жәрмеңкелер ұйымдастырады.

Импорттық азық-түлікке деген маусымдық сұранысты ескере отырып, ірі импорттаушылар мен жеткізушілердің пулын қалыптастырылды. Жақын уақытта олармен сұранысы жоғары тауарлардың баға тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша кездесулер өткізіледі.

Кеңес қорытындысы бойынша баға мониторингін тұрақты жүргізу және жағдайға жедел әрекет ету Сауда және интеграция министрлігі мен әкімдіктерге тапсырылды.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.