Биылғы тоғыз айда Қазақстанға Қытайдан 35,6 мың тонна киім әкелінді, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 49% аз. Бұл туралы DataHub Ұлттық статистика мәліметі негізінде жазды.
Қазақстанның сыртқы сауда деректеріне сәйкес кезең қорытындысы бойынша бұдан да төмен мән соңғы рет 2020 жылы байқалған.
Қытай киімінің қаңтар-қыркүйек айларындағы физикалық импорты екінші жыл қатарынан құлдырап отыр (2024 жылы бұл -19% ж/ж болған).
«Алайда, оның алдындағы бес жылда, 2019 жылдан 2023 жылға дейін, көрсеткіш тұрақты өсті және жиі күрт өсімдермен жүрді. Соңғысы, +75% ж/ж, 2023 жылы орын алды. Сол кезде бақылау тарихындағы 2015 жылдан бергі ең жоғары көрсеткішке — 85,9 мың тоннаға (тоғыз айлық деңгей) жеткен. Яғни, жалпы ресми тіркелген динамика айтарлықтай тұрақсыз сипатқа ие», делінген ақпаратта.
Екі еселенген құлдырауға қарамастан, Қытай ең ірі шетелдік киім жеткізушісі болып қала берді — тиісті санаттағы тауарлар импортының жалпы көлемінде оның үлесі 39%-ды құраған.
Сонымен қатар, Қытайдан басқа, кезең нәтижелері бойынша тағы бір ірі жеткізуші, Түркия (импорттағы нақты үлесі — 9%) да күрт төмендеуді көрсеткен.
«Ол жақтан киім әкелу бір жылда 31%-ға, 8,2 мың тоннаға дейін азайды. Соңғы жылдардағы түрік импортының ауытқуы жалпы алғанда қытай импортының ауытқуын еске салады», деп қосты.
Осылайша, биыл қаңтар-қыркүйек айларының қорытындысы бойынша киімнің жиынтық импорты бір жылда 28%-ға төмендеп, 91,8 мың тоннаны құраған. Қытай мен Түркия қалыптастырған құлдырау басқа бағыттардағы өсіммен ішінара өтелді. Мысалы, Ресейден киім сатып алу 13%-ға, 23,4 мың тоннаға дейін; Бангладештен – 20%-ға, 4,5 мың тоннаға дейін ұлғайған.
Сонымен қатар, ақшалай импорт жағдайында құлдырау қарқыны ұқсас барлық елдер бойынша номиналды 28% ж/ж, $1,2 млрд-қа дейін тіркелген.. Ал нақты Қытай бойынша құлдырау 51%-ды ( $445,1 млн-ға дейін), Түркия бойынша 30%-ды ($152,1 млн-ға дейін) құрады.
Дереккөз: DataHub