«KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясының және Shinhan Bank өкілдері кездесіп, онда банк Қазақстандағы өз қызметі туралы ақпарат беріп, жаңа Салық кодексі аясында ұсыныстары мен пікірлерін ортаға салды. Shinhan Bank инвесторлар мен қаржы ұйымдары үшін тұрақты әрі болжамды жағдай жасау маңыздылығын атап өтіп, қазақстандық тараппен жемісті ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті екенін білдірді.
Тараптар KAZAKH INVEST сүйемелдейтін өнеркәсіп, қайта өңдеу, логистика, цифрлық сервистер және «жасыл» экономика салаларындағы инвестициялық жобаларды қаржыландыруға банктің қатысуын кеңейту мүмкіндіктерін талқылады.
Өз кезегінде Shinhan Bank өкілдері ынтымақтастықты кеңейтуге және Қазақстандағы ірі жобаларды қаржыландыру құрылымдарына қатысуға, оның ішінде KAZAKH INVEST алаңында бірлескен бастамаларды дамытуға дайын екенін атап өтті.
Shinhan Bank – активтері 513 млрд АҚШ долларынан асатын, Moody’s, S&P және Fitch агенттіктерінен Aa3 / A+ / A рейтингтеріне ие, Оңтүстік Кореяның ең ірі қаржы холдингтерінің бірі – Shinhan Financial Group құрамына кіреді және The Banker 2024 рейтингі бойынша әлемдегі ең ірі 100 банктің ішінде 64-орында тұр.
Дереккөз: KAZAKH INVEST