Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Алматы облысының суару желілерін жаңартуға 225 млрд теңге бағытталады
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 27 қараша, 2025 | 16:47
1 минут - оқу уақыты

Алматы облысының суару желілерін жаңартуға 225 млрд теңге бағытталады

Нәтижесінде 111 мың гектар жер айналымға қосылады

Алматы облысының әкімдігі
Алматы облысының әкімдігі

Қазіргі таңда Алматы облысындағы 9 мың шақырымға жуық ирригациялық желінің 60%-ы тозған. Соның салдарынан су шығыны 50%-ға дейін жетіп отыр. Инфрақұрылымды жаңғырту мақсатында алдағы жылдары Ислам даму банкі қаржысы есебінен 255 млрд теңге бағыттау жоспарланған.

Жоба жүзеге асқан жағдайда Балқаш, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Райымбек және Ұйғыр аудандарында суару жүйелері жаңартылып, қосымша 111 мың гектар жер суармалы айналымға қосылады.

Сонымен қатар өңірде пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін анықтау және мемлекетке қайтару жұмыстары жалғасуда. 2022–2025 жылдары 528 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылып, оның 340 мың гектары қайтадан ауыл шаруашылығы айналымына енгізілген.

Ауыл кәсіпкерлігін дамытуға бағытталған «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша да нәтижелер бар. Бүгінге дейін 11 млрд теңге көлемінде 1 373 шағын несие берілген.

Соңғы үш жылда ауылдық жерлерде орташа табыс 22,7%-ға өсіп, 311,4 мың теңгеге жетті.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.