Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Ақмолалық аграрийлер 1 триллион теңгенің өнімін өндірді
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 25 қараша, 2025 | 09:29
1 минут - оқу уақыты

Ақмолалық аграрийлер 1 триллион теңгенің өнімін өндірді

Облыс диқандары биыл 7,6 миллион тоннадан астам астық жинады

gov.kz
gov.kz

Биыл жыл басынан бері Ақмола облысында 1 триллион теңгенің ауылшаруашылық өнімдері өндірілді, ал жыл соңына қарай жалпы өнім көлемі алғаш рет 1,2 триллион теңгеге жеткізу жоспарланып отыр.

Өңірдің фермерлері биыл 7,6 миллион тоннадан астам астық жинап, әр гектардан 16,3 центнерді құраған. Астықтың 70 пайыздан астамы үшінші сынып талаптарына сәйкес келеді, бұл өңірдің сыртқы нарықтағы позициясын күшейтеді. Сондай-ақ майлы дақылдар алқабы алғаш рет 500 мың гектарға жеткізілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,5 есе көп.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, экспорт та кеңейіп келеді: 3,5 миллион тоннадан астам астық Еуропаға, Закавказье елдеріне, Азия мен Солтүстік Африкаға жөнелтілген. Бұған қоса Марокко мен Вьетнам сияқты жаңа бағыттар өңірдің сыртқы сауда әлеуетін күшейтіп отыр.

«Облыста ауқымды инвестициялық жобалар жүзеге асырылып жатыр. Бұл кәсіпорындар мыңдаған жұмыс орнын ашып, миллиондаған тонна астықты өңдеуге, жоғары қосылған құны бар өнім шығаруға мүмкіндік береді», — деді Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов өңірдің ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің форумында.

Сонымен қатар облыста мал шаруашылығы да жоғары нәтижелер көрсетып отыр: облыс құс еті мен жұмыртқа өндірісі бойынша көшбасшылардың қатарында. 2027 жылға дейін өңірде жаңа фермалар, бордақылау алаңдары және асылтұқымды репродукторлар құрылысы есебінен сүт, ет және жұмыртқа өндірісі айтарлықтай артады деп жоспарланған. Аймақ цифрландыруға да ерекше назар аударып отыр.

«Қазіргі таңда 28 шаруашылық толық цифрланды, 120-дан астам кәсіпорын жасанды интеллект пен автоматтандыру элементтерін енгізіп жатыр», — деп деп қосты өңір басшысы.

Дереккөз: Ақмола облысы әкімдігі

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.