Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар тауарлар тізбесін кеңейту жоспарланып отыр
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 24 қараша, 2025 | 10:32
1 минут - оқу уақыты

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар тауарлар тізбесін кеңейту жоспарланып отыр

Әлеуметтік маңызы бар тауарлар қатарына тағы 23 позиция енуі мүмкін

Руслан Пряников
Руслан Пряников

Қазақстан үкіметі әлеуметтік маңызы бар тауарлар тізбесі кеңейтіп, сауда айналымы ашықтығын қамтамасыз етіп, делдалдардың ықпалын азайтуды жоспарлап отыр.

Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, қарашаның үшінші аптасында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы өзгеріссіз қалды. Қазан айында азық-түлік инфляциясына ең жоғары үлес қосқан өнімдер қатарында қызанақ (15,8%), тартылған ет (3%), сүйексіз сиыр еті (2,2%), сүйекті жылқы еті (1,5%), қияр (7,4%), балық (2,6%), банан (2,8%) және басқа да өнімдер бар. Сонымен бірге, жылдық көрсеткіш бойынша (өткен жылғы 10 аймен салыстырғанда) қызанақ 36,6%-ға, қияр 43,4%-ға арзандаған.

«Барлық өңірдің азық-түлік инфляциясына қатысты талдауы нәтижесінде баға өсіміне ең көп ықпал етіп отырған, алайда әлеуметтік маңызы бар тауарлар тізбесіне кірмейтін 30 тауар анықталды. Олардың ішінде түрлі ет, балық, алмұрт, алма, лимон, шай, сыр, суықтай қақталған скумбрия, банан, қызанақ, қияр және басқа да азық-түлік тауарлары бар. Бұл өнімдердің арасында импорт үлесі жоғары тауарлар да, көбіне айлық инфляцияға әсер етіп, жылдық инфляцияға айтарлықтай ықпал етпейтін позициялар да кездеседі. Осы тізімнің ішінен әлеуетті түрде әлеуметтік маңызы бар тауарлар қатарына енгізуге болатын 23 позиция іріктелді. Ендігі міндет – бұл ұсыныстарды бизнес өкілдерімен талқылау», деді Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова.

Тізбенің кеңейтілуі кәсіпкерлер үшін бірқатар міндеттеме орындауды талап етеді. Мәселен, мәмілелер ашықтығын қамтамасыз ету, шарттарды рәсімдеу, шот-фактуралар мен фискалдық чектерді уақтылы шығару, сондай-ақ заңнамада белгіленген 15%-дан аспайтын сауда үстемесін сақтау.

Вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Сауда және интеграция министрлігіне бизнес-қоғамдастықпен, салалық қауымдастықтармен және «Атамекен» ҰКП-мен әрбір ұсынылған позицияны жеке талқылауды, сондай-ақ импорт құрылымына қосымша талдау жүргізуді тапсырды. Тұпкілікті шешім тиісті консультациялар толық аяқталғаннан кейін ғана қабылданады.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.