Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қазақстанда көп балалы және марапатталған аналарға берілетін төлемдер 501 млрд теңгеден асты
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 24 қараша, 2025 | 09:32
1 минут - оқу уақыты

Қазақстанда көп балалы және марапатталған аналарға берілетін төлемдер 501 млрд теңгеден асты

Биыл көпбалалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақы мөлшері 6,5%-ға артты

Руслан Пряников
Руслан Пряников

Қазақстанда 2025 жылдың басынан бастап көпбалалы отбасылар мен наградталған аналарт 501 млрд теңгеден астам сомасына жәрдемақы алды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, жыл басынан бері көпбалалы отбасыларға және наградталған аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақыны орта есеппен 846,5 мың отбасы алған. Оның ішінде: көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақымен – 603 мың отбасы 436,5 млрд теңгеге; наградталған анаға берілетін жәрдемақымен – 243,4 мың адам 65,2 млрд теңгеге қамтылды.

Айта кетейік, көпбалалы отбасыға берілетін мемлекеттік жәрдемақыға табысына қарамастан 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар үміткер бола алады.

Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді. Биыл 4 баласы бар отбасыларға 63 030 теңге (16,03 АЕК), 5 балаға 78 798 теңге (20,04 АЕК), 6 балаға 94 565 теңге (24,05 АЕК), 7 балаға 110 332 теңге (28,06 АЕК), 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға әр балаға 15 728 теңге (4 АЕК) мөлшерінде төленді.

Сонымен қатар Қазақстанда «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған аналарға мемлекеттік төлем тағайындалады. Атап айтқанда биыл «Күміс алқа» алқасымен наградталған аналарға 25 165 теңге (6,40 АЕК), ал «Алтын алқа» алқасымен наградталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған аналарға 29 097 теңгені (7,40 АЕК) құрайды.

Еске салсақ, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап балалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 6,5%-ға артқан болатын.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.