Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қазақстанда тұрмыстық химия мен косметика таңбалана бастады
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 22 қараша, 2025 | 10:47
1 минут - оқу уақыты

Қазақстанда тұрмыстық химия мен косметика таңбалана бастады

Пилоттық жобаға қатысу ерікті түрде жүріп жатыр

Таңбалау операторы
Таңбалау операторы

Қазақстанда аяқ киім, темекі өнімдері және дәрілік препараттарға міндетті цифрлық таңбалау енгізілген. Енді косметика мен тұрмыстық химия тауарлары бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылып жатыр.

Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жәннат Дүбірова GR Procter & Gamble компаниясының аймақтық директоры Андрей Башкировпен және компанияның Қазақстан бойынша бас директоры Роксана Станческумен кездесіп, тұрмыстық химия және косметикалық өнімдерді таңбалау бойынша пилоттық жобаны талқылады.

Пилоттық жоба аясында техникалық жүзеге асыру үдерісінің сынақтамасы өткізілуде, соның ішінде таңбалау кодтарын қолдану әдістері, қолданыстағы бизнес-процестермен интеграция және қатысушылардың операциялық қызметіне ықтимал өзгерістер бар. Пилоттық жобаны Тауарларды таңбалау және бақылау бойынша бірыңғай оператор жүзеге асырып жатыр.

«Пилоттық жобаға қатысу ерікті түрде. Оған өндірушілер, импорттаушылар және тұрмыстық химия өнімдерін көтерме және бөлшек саудамен айналысатын субъектілер қосыла алады. Бұл нарық қатысушыларына таңбалау ақпараттық жүйесінің функционалдығын тегін тексеруге, таңбалау процесін ағымдағы өндірістік процестерге біріктіруді тәжірибеден өткізуге және таңбалау кодтарын қолданудың әртүрлі әдістерін тексеруге мүмкіндік береді», – атап өтті вице-министр Жәннат Дүбірова.

Тараптар өнімді таңбалау ашық нарықты құруға көмектеседі және мемлекеттік органдарға тауарлардың өндірушіден соңғы тұтынушыға дейінгі қозғалысын бақылауға мүмкіндік беретінін атап өтті. Осылайша жалған және контрабандалық тауарларды азайтылады.

Тұтынушылар өнімді Naqty Onim мобильді қосымшасының көмегімен тексере алады. Ол үшін қаптамадағы кодты сканерлеу жеткілікті, содан кейін өнім, өндіруші және жеткізу тізбегі туралы ақпарат қол жетімді болады.

Айта кеетйік, бүгінгі күні Қазақстанда аяқ киім, темекі өнімдері және дәрілік препараттарға міндетті таңбалау енгізілді. Тоқыма өнеркәсіп бұйымдары, сыра сусындары, зергерлік бұйымдар және мотор майларын таңбалау бойынша пилоттық жобалар аяқталды. Енді биологиялық белсенді қоспалар мен тұрмыстық химия тауарлары бойынша пилоттық жоба да жүзеге асырылып жатыр.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.