Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қазақстанда жылыту маусымына көмір жеткізу артты
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 18 қараша, 2025 | 10:15
1 минут - оқу уақыты

Қазақстанда жылыту маусымына көмір жеткізу артты

Бүгінгі күні жуық жеке үй шаруашылықтарына арнап 440 мыңға жуық тонна көмір қоры жасақталған

Руслан Пряников
Руслан Пряников

Биылғы жылыту маусымы басталғалы бері Қазақстан темір жолы желісі арқылы 38,3 млн тонна көмір тасымалданды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,3 млн тоннаға немесе 4%-ға жоғары.

Компания мәліметінше, негізгі көлем дәстүрлі түрде жылу электр орталықтарына жөнелтілген. Энергетикалық кәсіпорындар 34,6 млн тонна көмір алған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,9 млн тоннаға (+6%) көп. Ал коммуналдық-тұрмыстық секторға 3,7 млн тонна отын жеткізілді.

Жергілікті атқарушы органдардың хабарлауынша, көмір операторларының қоймаларында қазіргі уақытта 432 мың тонна коммуналдық-тұрмыстық көмір қоры бар.

Өскемен қаласы бойынша отынмен қамту тұрақты деңгейде сақталып отыр. Қаладағы көмірдің жалпы қоры 11 150 тонна, оның ішінде: «Сейком» ЖШС кірме жолдарында – 6 300 тонна, «ТКТ» ЖШС кірме жолдарында 1 500 тонна көмір бар.

Дереккөз: ҚТЖ

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.