Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Президент: ауыл шаруашылығы дамыса, ең алдымен ауылдың жағдайы жақсарады
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 14 қараша, 2025 | 13:50
1 минут - оқу уақыты

Президент: ауыл шаруашылығы дамыса, ең алдымен ауылдың жағдайы жақсарады

Мемлекет басшысы әрбір табысты кәсіпкерді өз ауыл-аймағының өркендеуіне үлес қосуға шақырды

aqorda_resmi
aqorda_resmi

Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауылдық жерлердің дамуына тоқталды.

«Тағы да қайталап айтқым келеді: ауыл шаруашылығы дамыса, ең алдымен ауылдың жағдайы жақсарады. Мемлекет ауыл-аймақтарды көркейту үшін көптеген жобаларды қолға алды. Инфрақұрылым салудан бастап, ауылға білікті маман тарту мәселесіне дейін ауқымды жұмыс жүргізілуде. 2019 жылдан бері «Ауыл – ел бесігі» жобасы жүзеге асырылып жатыр. Осы жоба аясында ауыл инфрақұрылымын дамытуға 700 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Бүкіл ел бойынша 2,5 мыңнан аса елді мекенде нақты жұмыс атқарылды. «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 600-ден астам бірлестік құрылды», – деді Президент.

Үкімет биыл аймақтарды дамыту туралы арнайы тұжырымдама қабылдаған. Соған сәйкес аудан әкімдерінің құзыры кеңейіп, олар ауданды дамыту жоспарын өз деңгейінде, дербес әзірлеп, жүзеге асыра алады.

«Әкімдер ірі компаниялармен келісім жасап, бірлескен шаруашылықтардың (кооперативтердің) өнімін өткізуге көмектесуі қажет. Жалпы, ауылға жеке инвестиция тарту өте маңызды. Бұл жұмысқа бизнес өкілдері белсене атсалысуы керек. Табысқа жеткен әрбір кәсіпкер өз ауыл-аймағының өркендеуіне үлес қосып, қаржы салса, еліміздегі көптеген елді мекен көркейе түсері анық», – деді ол.


Дереккөз: Ақорда

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.