Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
  1. Басты бет
  2. Диджитал
  3. Мемлекет басшысына қазақстандық ІТ стартаптар таныстырылды
  1. Жаңалықтар
  2. Диджитал
Astana, Kazakhstan • 06 қараша, 2025 | 22:54
1 минут - оқу уақыты

Мемлекет басшысына қазақстандық ІТ стартаптар таныстырылды

Кездесуге жалпы құны 1,4 миллиард долларды құрайтын 20-дан аса стартап өкілі қатысты

Akorda.kz
Akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Вашингтонға сапары аясында халықаралық нарыққа шыққан отандық ІТ стартаптардың негізін қалаушылармен кездесті.

Президентке еліміздің алғашқы «сыңармүйіз» стартапы Higgsfield AI жасанды интеллектіге негізделген кинематографиялық сапалы бейнені генерациялауға арналған платформасы, Deep Infra машиналық оқыту модельдерін орналастыруға және іске қосуға арналған қызмет, Valinor биотехнология саласындағы стартап, ARC Drones автономды дрондарды әзірлеуші, сондай-ақ басқа да перспективті жобалар таныстырылды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Silkroad Innovations технология хабының қызметі туралы ақпарат берілді. Ол Кремний алқабында Орталық Азия елдерінің талантты жастары мен стартаптарына қолдау көрсетеді.

Кездесуге жалпы құны 1,4 миллиард долларды құрайтын 20-дан аса стартап өкілі қатысты. Бұл ұлттық ІТ экожүйесінің инновациялық әлеуетін танытады.

Мемлекет басшысы жоғары технология саласындағы отандық компаниялардың жетістіктерін жоғары бағалап, алдағы үш жылда Қазақстанды толық цифрлық елге айналдыру жөніндегі стратегиялық міндеттің маңызын атап өтті.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.