Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Астана тағы бір саябақпен толығады
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 24 қараша, 2025 | 13:14
1 минут - оқу уақыты

Астана тағы бір саябақпен толығады

Саябақ 2026 жылы пайдалануға беріледі

Nazarbayev University
Nazarbayev University

Астанадағы Nazarbayev University білім ордасына іргелес аумақта жаңа саябақтың абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Көпфункционалды саябақ Астана тұрғындары мен қонақтары үшін де демалу, шығармашылықпен айналысу, ғылым және білімге арналған ортаға айналмақ.

Саябақтың орталық нысаны қазақ оюы пішініндегі жасыл лабиринт болмақ. Сонымен қатар оның аумағында ашық аспан астындағы амфитеатр, шығыс мәдениеттер орталығы және қайта жаңғыртылған пирамидалық екі ғимарат бар.

Жоба екі жылдан астам уақытқа жоспарланған. Биыл 15 гектар жер өңделіп, алты су ұңғымасы бұрғыланып, 85 000-нан астам ағаш пен бұта отырғызылды. Сонымен бірге, қажетті көшеттер өсірілетін жылыжай тұрғызылды.

Саябақ құрылысының алғашқы кезеңі 2026 жылы аяқталады деп жоспарланып отыр. Осы уақытқа қарай тағы үш жылыжай, бау-бақша орталығы, велосипед және жаяу жүргінші жолдары салынады.

Дереккөз: Nazarbayev University

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.