Астанада көлік қозғалысын тиімді басқару өзекті мәселенің бірі. Астаналық оқушы ақылды шлагбаум ойлап тапты.
Әлихан Төлебай Астана қаласындағы №111 жалпы орта мектептің 5-сыныбында оқиды. Ол ардуино негізіндегі ақылды шлагбаум ойлап тапты.
Елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлағандай, қазіргі кезде көлік қозғалысын тиімді басқару – үлкен қалалар мен білім беру мекемелері үшін маңызды міндеттердің бірі. Аталған ақылды шлагбаун уақытты үнемдеп, қауіпсіздікті арттырып технология дамуының негізгі бағыты.
Оқушы өз қолымен жасаған инновациялық ақылды шлагбаумының ерекшелігі көлік жақындаған сәтте жүйе оны автоматты түрде таниды және кедергіні көтеріп, жүргізушінің бөгетсіз өтуіне мүмкіндік береді.
Бұл білім беру мекемелері ауласына, тұрақтарға және жеке аумақтарға кіруді бақылауда өте тиімді шешім дейді.
Дереккөз: Астана әкімдігі