Павлодар облысында алкилат өндіретін зауыттың құрылысы басталды. Жоба INTERTRANS компаниясымен Энергетика министрлігі мен Павлодар облысы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асуда.
Жаңа зауытта жылына шамамен 100 мың тонна алкилат шығарылмақ, бұл К5 класты (АИ-95/98) экологиялық таза бензиндерге арналған жоғары октанды компонент. Жобаға 35 млрд теңгеден астам инвестиция салынады, кәсіпорын 2027 жылы іске қосылады деп жоспарланған.
Қазіргі уақытта Энергетика министрлігі салалық қауымдастықтар және сарапшылармен бірлесіп мұнай-газ химиясы өнеркәсібі туралы заң жобасын әзірлеуде. Ол 1-ші және 2-ші қайта өңдеу жобаларын жеделдетуге, ал 3-ші және 4-ші қайта өңдеу жобалары үшін жаңа қолдау құралдарын құруға бағытталған. Сондай-ақ заң сала үшін ұзақмерзімді өсімге қажетті ашық әрі болжамды ережелерді бекітеді.
Дереккөз: ҚР Энергетика министрлігі