Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
  1. Басты бет
  2. Диджитал
  3. Қазақстан дәрілік заттарды таңбалаудың толық циклына өтті
  1. Жаңалықтар
  2. Диджитал
Astana, Kazakhstan • 03 желтоқсан, 2025 | 18:16
1 минут - оқу уақыты

Қазақстан дәрілік заттарды таңбалаудың толық циклына өтті

Міндетті таңбалау енгізілгеннен бері 708,6 млн қаптама дәрі таңбаланған

gov.kz
gov.kz

Қазақстанда дәрілік заттарды цифрлық таңбалау және қадағалау жүйесі толық іске қосылды. Бүгінде еліміз Орталық Азияда мұндай технологияны толық көлемде қолданатын алғашқы мемлекетке айналды.

Tanba бірыңғай операторының мәліметінше, 2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша жүйе тұрақты жұмыс істеп тұр және жинақталған деректер айтарлықтай көлемге жетті. Барлық кезеңде 708,6 млн қаптама таңбаланды, оның ішінде 2024 жылғы 1 шілдеден кейін өндірілген 661 млн қаптама жүйеден өтті. Оның ішінде импорттық өнім – 399 млн, отандық өндіріс – 263 млн қаптама.

«Айналымда 530 млн таңбаланған дәрі бар. 312 млн импорттық және 218 млн отандық. Айналымнан 252 миллион таңбалау коды шығарылды», делінген Денсаулық сақтау министрлігі ақпаратында.

Бірыңғай дистрибьютор медицина ұйымдарына 100 млн-нан астам қаптама жөнелтті, оның 75 млн-нан астамы пайдаланылған соң айналымнан шығарылған.

Цифрлық таңбалау инфрақұрылымы: барлық 19 отандық өндіруші, 143-тен астам шетелдік өндіруші, 300-ден астам импорттаушы мен дистрибьютор, 3 900-ге жуық медицина ұйымы, 4 848 дәріхана субъектісі және 3 019 дәріхана нысаны қосылған.

Осылайша дәрілік заттарды жеткізу тізбегінің барлық буыны цифрландырылған.

Еске салсақ, 2024 жылғы 1 шілдеден кейін өндірілген барлық дәрілер міндетті түрде таңбалануға тиіс. Жаңа тәртіп сатып алу көлемін цифрлық жоспарлау арқылы қажеттілікті дәлірек болжауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, отандық өнімді қолдау мақсатында тіркеу рәсімдері жеңілдетіліп, мерзімі екі есеге қысқарды.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.