Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Түркістан облысында 33 полигонды жабу жоспары орындалмады
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 01 желтоқсан, 2025 | 18:19
1 минут - оқу уақыты

Түркістан облысында 33 полигонды жабу жоспары орындалмады

Өңір әкімдігі қатты қалдық полигондарын ретке келтіруді жеделдетпек

Руслан Пряников
Руслан Пряников

Түркістан облысында қатты тұрмыстық қалдықтарды тастайтын 128 полигон бар, оның басым бөлігі санитарлық-экологиялық талаптарға сай келмейді. Бұл туралы облыстық әкімдік хабарлады.

Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының дерегінше, 2024-2026 жылдарға арналған іс-шара жоспары бекітілген. 2023 жылы үш полигонның құрылысына 598 млн теңге бөлінген.

Сондай-ақ биыл 33 полигонды жабу жоспарланған, алайда бұл жоспар орындалмаған. Санитарлық талаптарға сәйкестендіру бойынша Арыс, Шардара және Созақ аудандарында 10 полигонда қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жобалардың жалпы құны – 537,7 млн теңгені құрайды.

Қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу бағытында жеті сұрыптау желісі мен үш қайта өңдеу қондырғысын орнату жоспарланған. Сарыағаш ауданындағы «Sadyk Bereke» ЖШС «Жасыл даму» және «Өнеркәсіпті дамыту қоры» тетіктері арқылы қағаз қалдықтарын өңдеп, жұмыртқа лотогын шығаратын қондырғы алынып жатыр.

Өңірде қалдықтарды қайта өңдеу көрсеткішін 2025 жылы 31%-ға жеткізу көзделген, биылғы 10 айда бұл көрсеткіш 30%-ға орындалды. Келесі жылы 33%-ға қол жеткізу жоспарланып отыр.

Өңірде «Қазақстан Ғарыш Сапары» деректері негізінде анықталған 249 бей-берекет қоқыс орны толық тазартылды.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.