Жетісу облысында қытаймен шекарадағы «Нұр Жолы» кеден бекетінде «NOMAD мониторинг және дыбыстық бақылау жүйесі пилоттық жобасы іске қосылды.
Жоба аясында жұмыстың негізгі кезеңдерді автоматтандырып жатыр. Атап айтқанда QR-тіркеу, кезекті интеллектуалды бөлу, диалогтарды аудиобақылау және транскрипциялау, қызметкерлер мен СЭҚ қатысушыларының рейтингтік бағалауы қалыптастырылуда, клиенттің маманды еркін таңдау немесе кезексіз өту мүмкіндігі жойылды.
Сондай-ақ қызмет көрсету сапасын бақылау және этикаға ерекше назар аударылған: жүргізілген диалогтардың аудиожазбалары жасанды интеллект арқылы талданады. Арнайы алгоритмдер сөйлемдердің дұрыстығын, сыпайылық және эмоцияналдық деңгейін бағалап, анықталған бұзушылықтар бойынша автоматты түрде хабарламалар қалыптастырады.
Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпаратына сәйкес, жүйе 2025 жылдың қазан айынан бастап іске қосылған. Осы аралықта жүйе арқылы 11 000 талон беріліп, орташа нормативтік қызмет көрсету уақыты айқындалды. Жасанды интеллект 6 000 аудиожазбаны өңдеп, олардың 18%-ында этикалық нормаларға сай келмейтін сөз тіркестерін анықтады.
«Алынған объективті деректер негізінде бекет қызметкерлерімен қызметтік этиканы сақтау бойынша тиісті шаралары жүргізілді», деді комитетте.
Дереккөз: Мемлекеттік кірістер комитеті