Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS
  1. Басты бет
  2. Диджитал
  3. Қазақстандық стартап ресми түрде «жалғыз мүйіз» мәртебесіне ие болды
  1. Жаңалықтар
  2. Диджитал
Astana, Kazakhstan • 22 қазан, 2025 | 15:46
2 минут - оқу уақыты

Қазақстандық стартап ресми түрде «жалғыз мүйіз» мәртебесіне ие болды

Higgsfield AI бағалауы 1 млрд доллардан асты

QazMonitor Logo

Генеративті AI-video бағытындағы қазақстандық Higgsfield AI deeptech-стартапы «жалғыз мүйіз» (unicorn) мәртебесіне ие болды, деп хабарлайды Kapital.kz іскерлік ақпарат орталығы Thetech.media-ға сілтеме жасап.

Бұл жаңалықты стартаптың негізін қалаушылардың бірі Алекс Машрабов растады.

«Қазақстандық Higgsfield AI стартапы ресми түрде «жалғыз мүйіз» мәртебесіне ие болды. Бұл туралы компания негізін қалаушылардың бірі Алекс Машрабов мәлімдей келе, оның бағалауы 1 миллиард АҚШ долларынан асқанын атап өтті», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Higgsfield AI стартапының негізін Ерзат Дулат пен Алекс Машрабов қалаған.

Алекс Машрабов – Snap компаниясындағы Generative AI бағытының бұрынғы жетекшісі әрі кейіннен Snap 166 миллион долларға сатқан AI Factory жобасының тең құрылтайшысы.

Ерзат Дулат жасанды интеллект саласындағы инженер әрі зерттеуші, Higgsfield жобасының ғылыми тұжырымдамасын ұсынған және идея бастамашысы болған.

2024 жылғы 11 қыркүйекте компания «жасанды интеллектіні қолдана отырып, кинематографиялық видеолардың жаңа дәуірін іске қосу үшін» А раундында 50 миллион доллар инвестиция тартқанын хабарлаған еді.

«Небәрі бірнеше айдың ішінде Higgsfield қолданушыларының саны 11 млн-ға дейін өсті, ал әлеуметтік желілердегі қаралымдар саны 1,2 млрд-тан асты. Бүгін GFT Ventures-тен, сондай-ақ BroadLight Capital, NextEquity Partners, AI Capital Partners, Menlo Ventures және өзге де инвесторлардың қатысуымен тартылған 50 млн доллар көлеміндегі инвестиция біз үшін маңызды белес болды», - делінген хабарламада.

18 қыркүйекте Марат Абдрахмановтың MA7 Ventures венчурлық құрылымы Higgsfield-пен 3,1 млн долларлық мәміле жасалғанын хабарлады.

«MA7 Angels Club синдикаты арқылы Орталық Азияның 50-ден астам инвесторы Higgsfield-қа – Сан-Францискода қазақстандық кәсіпкер негізін қалаған, жаңа буынның генеративті видео технологиясын әзірлейтін стартапқа – бридж-раунд аясында 3,1 млн доллар және Series A шеңберінде 600 мың доллар инвестиция салды. Бұл келісім аймақтың жеке инвесторлары үшін стратегиялық серіктестері арасында жаһандық ірі ойыншылары бар әлемдік деңгейдегі жобаға қатысуға бірегей мүмкіндік болды», - деп түйіндеді инвестициялық компания өкілдері.

2025 жылғы сәуірде Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мадиев қазақстандық стартап Higgsfield AI-дің OpenAI және Google-мен бәсекеге түсе алатынын атап өтті.

«Higgsfield – мәтіндік сұраныс негізінде бейнероликтер жасайтын генеративті жасанды интеллект моделі. Стартап Кремний алқабындағы белгілі венчурлық қорлардан 16 млн доллар көлемінде инвестиция тарта білді. Қазіргі таңда ол OpenAI мен Google секілді ірі технологиялық алпауыттардың өнімдерімен тікелей бәсекеге түсе алады», – деген еді Жаслан Мәдиев биылғы сәуір айында.

Бұған дейін Kapital.kz іскерлік ақпараттық орталық тілшісі Higgsfield AI компаниясының бас директоры әрі негізін қалаушы Ерзат Дулатпен сұхбаттасып, Қазақстандағы ІТ саласының дамуы, инновациялық жобаларды әзірлеу мен ілгерілету және ЖИ-ді қолдану тақырыптары туралы әңгімелескен болатын.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.