Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS
  1. Басты бет
  2. Туризм
  3. Ақкөл қаласында фин брендінің туристік үйлері пайда болуы мүмкін
  1. Жаңалықтар
  2. Туризм
Astana, Kazakhstan • 30 қазан, 2025 | 14:19
1 минут - оқу уақыты

Ақкөл қаласында фин брендінің туристік үйлері пайда болуы мүмкін

QazMonitor Logo
ҚР Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті

Астанадағы «ҚазақстанФинляндия» бизнес форумы аясында отандық «TӦR`RE» компаниясы танымал фин брендіне айналған және ағаш үй құрылысы мен экологиялық таза үйлер шешімдеріне маманданған «Honka» компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат экологиялық технологияларды енгізуге, жайлы туристік инфрақұрылымды дамытуға және табиғи ортаны сақтауға бағытталған.

«TӦR`RE» компаниясы Аққол қаласындағы жобаны дамытуға ниет білдіріп отыр. Бұған дейін 4,5 млрд теңге инвестиция салынып, Wyndham Residences Aqkol қонақ үйі салынды. Енді компания 50-ден астам туристік үйдің іргетасын қалауды жоспарланып отыр.

«Біз тұрақты даму стандарттарын ұстанамыз. Әр түрлі елдің үй құрылысы технологияларына талдап, экологиялық таза, технологиялық және сапа талаптарына сәйкес келетін шешімдерді таңдаймыз. Биылғы наурыздан бастап финдік “Honka” компаниясымен келіссөздер жүргізіп келеміз. Бұл брендтің ағаш материалдары әлемдегі ең үздіктердің бірі болып есептеледі. Біз осы технологияларды Қазақстанда қолдану мүмкіндігін қарастырып жатырмыз», - деп атап өтті «TӦR`RE» компаниясының басқарма төрағасы Тимур Қожабеков.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.