Душанбе қаласында қазан айының 29–31 аралығында «Пандемиялардың алдын алу, азық-түлік жүйелерінің тұрақтылығын қамтамасыз ету және экожүйелердің саулығын сақтау мақсатындағы «Біртұтас денсаулық» жобасы бойынша конференция өтті.
Іс шараны Орталық Азияның өңірлік экологиялық орталығы (ОАӨЭО) ұйымдастырды.
Басқосу аясында «Біртұтас денсаулық» бастамасы жөніндегі Өңірлік үйлестіру кеңесінің алғашқы отырысы өткізілді.
Конференцияға Орталық Азия елдерінің салалық министрліктерінің өкілдері, халықаралық ұйымдар, техникалық агенттіктер мен азаматтық қоғам мүшелері қатысты.
Аталған форум адамдардың денсаулығын, жануарлардың және экожүйелердің саулығын қорғау саласында ынтымақтастықты нығайтудың, тәжірибе алмасу мен бірлескен шараларды талқылаудың негізгі алаңына айналды.
Отырысқа Қазақстан атынан Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының орынбасары, «Біртұтас денсаулық» бағыты бойынша ұлттық үйлестіруші Тасқын Қызайбаев қатысты.
Жиын барысында өңір елдерінің ұлттық органдары ұсынған өкілдерден құрамында Өңірлік үйлестіру кеңесінің алғашқы отырысы өтті.
Кеңес «Біртұтас денсаулық» бастамасын іске асыруды үйлестіру және адамдардың денсаулығы, жануарлардың саулығы мен қоршаған ортаның жағдайына байланысты қауіп-қатерлердің алдын алу және ден қою мәселелері бойынша өңірлік деңгейде келісілген іс-қимылдарды қамтамасыз ету мақсатында құрылды.
Кездесуге қатысушылар Орталық Азия елдерінің күш-жігерін біріктірудің маңыздылығын назар аударды.
Бұл азық-түлік жүйелерінің тұрақтылығын нығайтуға, жануарлардан жұғатын аурулардың таралуын болдырмауға және экологиялық тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, отырыс кезінде ортақ ғылыми зерттеулерді ілгерлетуге, мамандардың біліктілігін арттыруға және өңір елдері арасындағы деректер алмасуды жолға қоюға баса көңіл бөлінді.
Конференция қорытындысында өңірлік ынтымақтастықты күшейтудің қадамдары нақтыланып, өзара іс-қимылдың басым бағыттары мен «Біртұтас денсаулық» бастамасы аясындағы іс-әрекеттерді үйлестіру тетіктері айқындалды.
Бағдарламаны іске асыру Орталық Азия елдеріне биологиялық қауіпсіздік қатерлерін бақылау және оларға ден қоюдың тұрақты жүйесін құруға, сондай-ақ адамдардың денсаулығын сақтауға, жануарлардың және экожүйелерді қорғауға жол ашады.