Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
  1. Басты бет
  2. Спорт
  3. «Қызылжар» клубының жаңа иесі өзіне қандай міндеттеме алды
  1. Жаңалықтар
  2. Спорт
Astana, Kazakhstan • 11 қараша, 2025 | 12:38
1 минут - оқу уақыты

«Қызылжар» клубының жаңа иесі өзіне қандай міндеттеме алды

Инвесторға жергілікті «Қарасай» стадионы берілуі мүмкін

Instagram / fcqyzyljar/Елена Полярная
Instagram / fcqyzyljar/Елена Полярная

«Qyzyljar» футбол клубының жаңа инвесторы клубтың спорттық құқықтарына ие болды. Оның ішінде «Qyzyljar» бренді, Премьер-лигаға қатысу құқығы, қолданыстағы келісімшарттар және материалдық-техникалық база берілді.

«Инвестор жыл сайын клубтың дамуына кемінде 1 млрд теңге инвестиция салуға міндеттеме алады. Бұл ретте мемлекеттік қаржыландыру көлемі кезең-кезеңімен қысқарып, үш жыл ішінде толығымен тоқтатылатын болады. Біртіндеп көшу спорттық көрсеткіштердің тұрақтылығын сақтайды және клубқа дербес, тұрақты инфрақұрылым құруға мүмкіндік береді».

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі

Сонымен қатар, облыс әкімдігімен бірлесіп «Қарасай» стадионын клубқа сенімді басқаруға беру мәселесі қаралып жатыр.

«Өңір үшін бұл негізгі команданың жағдайын жақсарту ғана емес, сонымен қатар балалар мен жастар үшін жаңа мүмкіндіктер берілетінін білдіреді. Дайындық негізіне жеке дамуға, жаттығудың заманауи әдіснамасына және кәсіби дағдыларды қалыптастыруға бағытталған академиялық модель құрылатын болады».

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі

Сонымен қатар жергілікті тәрбиеленушілерді дамытуға ерекше көңіл бөлінетін болады. Әкімдік мәліметінше, құрылып жатқан «Qyzyljar» академиясы Солтүстік Қазақстан облысының дарынды балаларын іздеу және оларды қолдау орталығына айналмақ. Жас ойыншылар кәсіби ортада жаттығып, жастар мен резервтік құрамда ойын практикасы алады, ал үздіктер – Премьер-лиганың негізгі командасындағы орынға үміттене алады. Осылайша, бұл өңірдің жас спортшылары үшін – балалар секцияларынан бастап ел құрамасының деңгейіне дейінгі нақты әлеуметтік лифт болады.

Еске салсақ, кеше «Qyzyljar» ФК қазақстандық кәсіпкер Сергей Канның иелігіне өтіп, дамудың жеке моделіне көшетіні хабарланған болатын.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.