Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Жыл басынан бері елімізде өсімдік және мал шаруашылығы өндірісі артты
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 11 қараша, 2025 | 12:29
1 минут - оқу уақыты

Жыл басынан бері елімізде өсімдік және мал шаруашылығы өндірісі артты

Өткен он айдың қорытындысы бойынша Қазақстанда ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 5,4%-ға өскен

Руслан Пряников
Руслан Пряников

Биылғы жылдың қаңтар-қазан айларында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 8,1 трлн теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,4%-ға артты.

Мұндай өсім өсімдік шаруашылығындағы өндіріс көлемінің 6,7%-ға, ал мал шаруашылығындағы өндірістің 3,4%-ға ұлғаюының нәтижесінде мүмкін болып отыр.

Мал шаруашылығында тоғыз айдың ішінде сойылған мал етінің өндірісі 2,6%-ға өсіп, 816,3 мың тоннаға, ал сиыр сүтінің өндірісі 5,7%-ға артып, 3 млн тоннаға жетті.

Ірі қара мал басы 1,1%-ға (8,5 млн бас), жылқы 6,4%-ға (4,5 млн бас), түйе 4,5%-ға (299,7 мың бас), ал құс 6,5%-ға (49 млн бас) көбейді.

Тамақ өнеркәсібінде он айдың қорытындысы бойынша азық-түлік өндірісі 9,1%-ға артып, 3,2 трлн теңгеге, ал сусындар өндірісі 8,7%-ға өсіп, 1,0 трлн теңгеге дейін ұлғайды.

Бірқатар негізгі өнім түрлері бойынша да нәтиже айтарлықтай жоғары. Мәселен, қант – 13%-ға, ет консервілері – 38,6%-ға, өсімдік майы – 21,7%-ға, шұжық өнімдері – 7,8%-ға, сары май – 19,0%-ға, қышқыл сүт өнімдері 6,6%-ға артты.

Дереккөз: ҚР АШМ

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.