Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
  1. Басты бет
  2. Мәдениет
  3. Қарағандыда қазақ тілінде сауатты жазылған ас мәзірі анықталды
  1. Жаңалықтар
  2. Мәдениет
Astana, Kazakhstan • 11 қараша, 2025 | 15:33
1 минут - оқу уақыты

Қарағандыда қазақ тілінде сауатты жазылған ас мәзірі анықталды

Ұйымдастырушылар 20 дәмхананың ас мәзірін тексерген

www.gov.kz
www.gov.kz

Қарағандыда «Сауатты ас мәзірі» қалалық байқауының жеңімпаздары анықталды, байқауды «Шырақ» тілдерді оқыту орталығы ұйымдастырған.

Айта кетейік, байқаудың мақсаты – тіл туралы заңның талаптарын орындауға үлес қосу, кәсіпкерлерге мемлекеттік тілде сауатты мәзір әзірлеуде қолдау көрсету және қоғамдық тамақтану орындарында қазақ тіліндегі қызмет сапасын арттыру болатын.

«Шырақ» орталығының өкілдері Қарағанды кәсіпкерлері арасында қазақ тілін дұрыс әрі сапалы қолдануға деген қызығушылық артып келе жатқанын атап өтті.

«Қызмет көрсету саласында мемлекеттік тілді қолдану – бұл тек заң талабы емес, ең алдымен, клиентке деген сенім мен құрметтің белгісі. Бизнестің қазақ тіліне бет бұрып жатқаны қуантады. Біз де алдағы уақытта кеңес пен аударма жағынан қолдауды жалғастырамыз», деді орталық мамандары.

Жоба аясында орталық мамандары қаладағы танымал дәмханалар мен мейрамханалардың мәзірлерін тексеріп, қазақ тіліндегі мәтіндердің сауаттылығын бағалады. Барлығы халық көп баратын 20 қоғамдық тамақтану орны тексерілген. Нәтижесінде олардың тоғызы мәзірлерін түзетіп, қазақ тілінің орфографиялық және стильдік нормаларына сәйкестендірген. Ал алты дәмханада мемлекеттік тілдегі мәзір мүлде болмағаны анықталды, осыған орай орталық мамандары кәсіпкерлерге тегін аударма және безендіру көмегін ұсынды.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.