Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS
  1. Басты бет
  2. Спорт
  3. Алматыда Көркем гимнастика орталығы ашылады
  1. Жаңалықтар
  2. Спорт
Astana, Kazakhstan • 04 қараша, 2025 | 11:53
1 минут - оқу уақыты

Алматыда Көркем гимнастика орталығы ашылады

Қазіргі таңда жаңа спорт нысанының жобасы әзірленіп жатыр

QazMonitor Logo
olympic.kz

Алматының спорттық инфрақұрылымын дамыту жайлы қалалық спорт басқармасының өкілдері мәлімдеді. Шаһарда 2024-2025 жылдары 6 дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталып, сонымен бірге жеке инвестиция есебінен 2 спорт кешені салынды. Атап айтсақ, Алатау ауданындағы Нұркент шағын ауданында жеке инвестициямен жаңа теннис орталығы ашылды. Кешен HARD төсемі бар 4 жабық және 4 ашық корттан, сондай-ақ 6 топырақты корттан тұрады.

Алматының жаңа футбол стадионы құрылысына дайындық басталып кетті. Көркем гимнастика орталығының жобасы әзірленіп, биік таулы «Медеу» спорт кешенін жаңғырту аясында бұзу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Ұлттық спорт түрлерін дамыту мақсатында «Тұлпар» кешені коммуналдық меншікке қайтарылып, Спорт басқармасының басқаруына тапсырылды. Оның аумағында 100 бас жылқыға арналған төрт атқора, спорт залдары және екі ашық манеж орналасқан.

Ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін Райымбек даңғылы бойында спорт орталығының құрылысы басталды. Оның жұмысын 2026 жылдың төртінші тоқсанында аяқтау жоспарланған. Аталмыш орталық денсаулығының мүмкіндігі шектеулі спортшылардың жаттығуына арналған Алматыдағы алғашқы мамандандырылған нысан болмақ.

2027 жылдың соңына дейін алты жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен тағы алты спорт мектебінің құрылысы жоспарлануда.

Нұркент шағын ауданында жүзу бассейні бар 5 мың орындық әмбебап арена салу көзделген.

«Аталған жобаларды іске асыру Алматының Орталық Азияның спорттық астанасы ретіндегі мәртебесін нығайтуға, бұқаралық спортты дамытуға және қаланың халықаралық имиджін арттыруға ықпал етеді», – деді Алматы қаласының Спорт басқармасының өкілдері.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.