Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Дәстүрлі емес нарықтарға жол: Қазақстан астығының географиясы кеңейді
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 04 қараша, 2025 | 17:34
2 минут - оқу уақыты

Дәстүрлі емес нарықтарға жол: Қазақстан астығының географиясы кеңейді

Тасымал субсидиялары 2026 жылдың 1 қыркүйегіне дейін ұзартылды

QazMonitor Logo
Руслан Пряников

Қазақстанда астық экспортын қолдау мақсатсында транспорттық субсидиялар 2026 жылдың 1 қыркүйегіне дейін ұзартылды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында 2025 жылғы егін жинау жұмысы туралы есеп берген Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров хабарлады.

Министрдің сөзінше, елімізде өндірілген астық көлемі ішкі сұранысты толық қамтамасыз етуге мүмкіндік беріп отыр, сонымен қатар ірі экспорттық әлеуетті сақтайды.

«Өндірілген көлемдегі астық ішкі қажеттілікті толық өтеуге мүмкіндік береді. Бұдан басқа, экспорттық әлеует те сақталады. Өткен маусымдағы астық экспорты – 13,4 млн тоннаны құрады, бұл алдыңғы маркетингтік жылдың көрсеткішінен 47%-ға артық, оған транспорттық субсидиялар септігін тигізді. Біз экспорт деңгейін сақтауды жоспарлап отырмыз, осыған байланысты бұл шараның әрекеті 2026 жылдың 1 қыркүйегіне дейін ұзартылды», - деді Сапаров.

Сала басшысы субсидиялардың ұзартылуымен қатар, Қазақстан астығының географиясы да айтарлықтай кеңейгенін атап өтті. Биыл ел Бельгия, Португалия, Польша, Норвегия, Ұлыбритания, Вьетнам, БАӘ және Солтүстік Африка елдері (Марокко, Алжир, Мысыр) сияқты бірқатар дәстүрлі емес нарықтарға жеткізілімді бастады.

«Сонымен қатар, Иран, Әзірбайжан, Армения және Грузияға жеткізілімдер қайта жанданды. Жаңа өнім жинау басталғаннан бері шамамен 2,2 млн тонна астық экспортталды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 21%-ға жоғары.

«Иран, Әзірбайжан, Армения, сондай-ақ Грузияға жеткізілімдер қайта жаңданды. Біздің астыққа сұраныс артып келеді, жаңа өнімнен шамамен 2,2 млн тонна астық экспортталды, бұл өткен маусымның ұқсас кезеңінің деңгейінен 21%-ға артық. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының қосылған құны жоғары өнімдер экспортын ынталандыру жөніндегі тапсырмасы аясында астықты терең өңдеу бойынша бес инвестициялық жоба іске асырылып жатыр», - деп қосты министр.

Оның ойынша, бұл жобалар нарықтан қосымша 2,5 млн тонна астықты алуға мүмкіндік береді, бұл ішкі өңдеуді күшейтудегі басты қадам.

АШМ басшысының мәліметіне сәйкес, астық қоймаларының жалпы сыйымдылығы республика бойынша 30,7 млн тоннаны құрайды, бұл өнімді сақтау үшін жеткілікті. Жаңа өнім жинаудан кейін элеваторларға түскен 7,7 млн тонна астықтың 53%-ы жоғары сапалы, жұмсақ бидай болып табылады.

Сапаровтың сөзінше, министрліктің келесі жылға арналған басты жоспары егіс алқаптарын әртараптандыру бағдарламасын жалғастыру болмақ. Негізгі басымдық жоғары рентабельді дақылдардың алаңдарын кеңейтуге және ылғалды көп қажет ететін дақылдарды қысқартуға беріледі. Бұл ұзақ мерзімді стратегия Қазақстанның астық секторының тұрақтылығын және жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған, деді ол.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.