Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS
  1. Басты бет
  2. Мәдениет
  3. Абай облысында көне түркі дәуірінің жәдігерлері табылды
  1. Жаңалықтар
  2. Мәдениет
Astana, Kazakhstan • 05 қараша, 2025 | 11:40
1 минут - оқу уақыты

Абай облысында көне түркі дәуірінің жәдігерлері табылды

Кешенде археологиялық жұмыстар 2019 жылы басталған

QazMonitor Logo

Абай облысы Ақсуат ауданының аумағында орналасқан Елеке сазы қорымындағы ежелгі түрік дәуіріне тиесілі мәдени кешеннен құнды тарихи жәдігерлер табылды. Бұл туралы Абай облысы әкімдігі хабарлады.

Облыс әкімі Берік Уәли белгілі қазақстандық археолог Зейнолла Самашевпен кездескен. Онда археолог Елеке сазы қорымындағы ежелгі түрік дәуіріне тиесілі мәдени кешеннен табылған құнды жәдігерлерді таныстырған.

Археолог қорымдағы көне түрік қағанына арналған культтік-мемориалдық кешен – тарихи әрі мәдени тұрғыдан ерекше нысан екенін атап өтті. Онда табылған жәдігерлер көне түрік қағанатының мемлекеттік жүйесі мен рухани дүниетанымын айқын сипаттайды.

Айта кетейік, кешенде археологиялық қазба жұмыстары 2019 жылы басталған, сол уақыттар бері алтын, күміс, темір және сүйектен жасалған көне бұйымдар, сондай-ақ салтанатты рәсімдерге арналған құрбандық қалдықтары табылған.

Зейнолла Самашев кешен түркі қағандарының қасиетті орындарының бірі екенін, ал оны зерттеу түркі өркениетінің тарихын терең тануға мүмкіндік береді, деді. Сонымен қатар археолог облыс әкіміне мәдени-тарихи кешендегі қазба жұмыстарын ары қарай жалғастыру жөнінде, сондай-ақ, Елеке сазынан табылған құнды жәдігерлермен Семей қаласында көрме өткізу туралы ұсыныс айтты.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.