Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Фармацевтикалық нарықта мемлекеттік қолдау тек адал қатысушыларға беріледі
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 02 желтоқсан, 2025 | 14:21
1 минут - оқу уақыты

Фармацевтикалық нарықта мемлекеттік қолдау тек адал қатысушыларға беріледі

Мемлекет әрі-дәрмектің бағасын төмендету нәтижесінде 36 млрд теңгеден астам қаржы үнемдеді

QazMonitor Logo
Руслан Пряников
Руслан Пряников

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында отандық фармацевтика нарығын реттеу және қолдау мәселелерін талқылады. Ол мемлекеттік қолдау шаралары тек сапалы өнім жеткізетін және бағаны жасанды өсірмейтін нарық қатысушыларына көрсетілетінін атап өтті.

«Сатып алу бағаларының төмендеуі өндірушілер мен жеткізушілерге ұнамауы мүмкін, бірақ азаматтарымыздың мүддесі басшылыққа алынады», – деді Премьер-министр.

Қазіргі уақытта дәрі-дәрмек бағасын төмендету нәтижесінде мемлекет 36 млрд теңгеден астам қаржыны үнемдеді. Бұл қаражат алғаш рет анықталған пациенттердің қосымша қажеттіліктерін қамтамасыз етуге жұмсалмақ. Мысалы, онкологиялық препарат Иматиниб бағасы 9450 теңгеден 2348 теңгеге, Бевацизумаб 360 мың теңгеден 77 мың теңгеге төмендеді. Антибиотик Цефепим бойынша бюджеттік үнемдеу 174 млн теңгеге, иммунобиологиялық препарат Экулизумаб бойынша 424 млн теңгеге жетті.

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова 2026 жылға арналған дәрілерді сатып алу жаңартылған жүйе бойынша жүргізіліп жатқанын хабарлады. Бөлшек сауда нарығында да 4 900 препараттың бағасы қайта қаралып, танымал дәрілер орта есеппен 12%-ға арзандады. Мысалы, «Цефапс» 31%-ға, «Зитмак» 20%-ға, «Ревмоксикам» 32%-ға төмендеді.

Жаңа цифрлық баға белгілеу жүйесі нарықтағы барлық қатысушылар үшін бірыңғай ережелерді бекітті. Бұл жүйе тұрақты және болжамды нарықты қалыптастырып, дәрілердің жеткізілу қауіпсіздігін күшейтеді және сыртқы баға ауытқуларына тәуелділікті азайтады.

Отандық фармацевтикалық өндірушілер жаңа ережелерге бейімделіп, дәрілер желісінің бағасын төмендеткен. Сонымен қатар, инвестиция тарту арқылы саланы дамыту қолға алынды: дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар өндіру бойынша 9 инвестициялық жоба іске асырылуда.

ДереккөзUKIMET

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.