Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Астанада ауысымда 350 келушіні қабылдайтын емхана ашылады
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 27 қараша, 2025 | 12:05
1 минут - оқу уақыты

Астанада ауысымда 350 келушіні қабылдайтын емхана ашылады

Елорданың жаңа темір жол вокзалы ауданы тұрғындарына арналған емхана таяуда қолданысқа берілмек

QazMonitor Logo
Астана қаласының әкімдігі
Астана қаласының әкімдігі

Соңғы жылдары елордада 21 медициналық нысан салынып, пайдалануға берілді. Атап айтсақ, Ұлттық ғылыми онкология орталығы, Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы және қадамдық қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін емханалар жанындағы 19 филиал бүгінде қызмет көрсетуде.

Жыл соңына дейін «Нұрлы жол» теміржол вокзалының жанында ауысым сайын 350 келушіден қабылдай алатын жекеменшік клиника ашу жоспарланып отыр. Бұл клиника тұрғындарға мемлекеттік тапсырыс бойынша қолжетімді медициналық көмек көрсетеді.

Келер жылы «Самұрық-Қазына» қорының қаражаты есебінен №2 қалалық көпсалалы ауруханада қабылдау-диагностикалық кешенінің, сондай-ақ Сарыарқа ауданында 250 орындық перинаталдық орталықтың құрылысы аяқталады деп күтіліп отыр. Сондай-ақ Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығында балаларға арналған 200 орындық травматология орталығының құрылысы басталады.

Алдағы үш жылда барлығы 11 денсаулық сақтау нысанын салу жоспарланып отыр. Олардың қатарында Алматы ауданында перинаталдық орталық, жаңа заманауи көпсалалы аурухана, жаңа әрі толыққанды 6 емхана (екеуі – мемлекеттік) және жедел медициналық көмек көрсететін 3 қосалқы станция бар.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.