2025 жылғы 30 қыркүйекте пайдалануға берілген Достық – Мойынты учаскесінің екінші жолдарымен 20 қарашаға дейін 1 334 пойыз өтті. Оның ішінде 1 046 жүк және 288 контейнерлік құрам жаңа жолмен жүрген. Ескі жолдар арқылы 1 409 пойыз (1 074 жүк және 335 контейнерлік) өтті.
Жалпы, екінші жолдарды қолдану басталғалы 16,1 млн тонна жүк тасымалданды, бұл 2022 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 41% көп.
Жоба 2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында кезең-кезеңімен іске қосылып, магистральдың өткізу қабілетін едәуір арттырды. Екі жолдың жұмыс істеуі жүк ағынын жылдам әрі тиімді өңдеуге мүмкіндік беріп, транзиттік тасымалдардың тұрақтылығын күшейтті.
Дереккөз: ҚТЖ