Алматы облысында жыл соңына дейін «Kusto Logistics» көтерме-бөлу орталығы, «MP Solution» және «Еуразиялық логистикалық парк», «Imagine Apple Logistics» ірі логистикалық кешендер мен индустриялық парктер пайдалануға беріледі.
Осы секілді кәсіпорындарды орналастыру мақсатында 15 индустриалды аймақ құрылып (Талғар ауданында «Қайрат-2», Еңбекшіқазақ ауданында «Шелек», Жамбыл ауданында «Қазыбек Бек», «Үлкен», Ұйғыр ауданында «Тасқарасу», «Сұңқар», Қонаев қаласында «Қонаев», Алатау қаласында «Береке» және жетеуі Үлкен Алматы айналма жолының маңында) жатыр.
Мәселен, «Қайрат-2» индустриалдық аймағы – шетел инвесторлары есебінен, ал Үлкен Алматы айналма жолының маңындағы аймақтарды жер иелерімен бірлесіп жүзеге асырылады.
Облыста бүгінде шағын және орта бизнестің жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 46,3%-ға жетіп, олардың саны 156 мыңнан асты (2022 жылы – 116,6 мың), өсім көлемі 33,8% болды.
Өңірдің барлық жұмыспен қамтылған (740,3 мың адам) халықтың үштен бір бөлігі жеке кәсіпкерлік саласында жұмыс істейді (273 мың адам).
Дереккөз: Алматы облысының әкімдігі