Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Алматы облысының өнеркәсіп секторы 2,1 трлн теңгенің тауарын өндірген
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 27 қараша, 2025 | 12:22
1 минут - оқу уақыты

Алматы облысының өнеркәсіп секторы 2,1 трлн теңгенің тауарын өндірген

Өңірдің өнеркәсіп өндірісінің 90%-ы өңдеу саласына тиесілі

QazMonitor Logo
Алматы облысының әкімдігі
Алматы облысының әкімдігі

Алматы облысының өнеркәсіп көлемі биылғы 10 айда 2,1 трлн теңгеге жетті. Бұл туралы ОКҚ-да өткен брифинг кезінде облыс әкімі Марат Сұлтағазиев мәлім етті.

«Өңірлік өнімнің үштен бірі өнеркәсіп саласына тиесілі болғандықтан, бұл сала инвестиция тартудың негізгі көзі болып есептеледі. Сол себепті негізгі капиталға инвестиция тарту біздің басты басымдығымыздың біріне айналды», – деді облыс басшысы.

2022 жылы негізгі капиталға инвестициялар көлемі 614 млрд теңге болса, 2024 жылы бұл көрсеткіш 1 трлн теңгеге дейін артқан. Жыл соңына дейін 1,3 трлн теңге көлемінде жоспарлануда.

Іске қосылған ірі жобалардың ішінде «Focus Logistics» ірі логистикалық паркі (70 млрд теңге), «Алтын таға» бетон өнімдері зауыты (35 млрд теңге), «LC Waikiki» көтерме-сауда орталығы (30 млрд теңге), «Шин-лайн» балмұздақ фабрикасы (18 млрд теңге), «Қапшағай Бидай Өнімдері» дәнді және майлы дақылдарды терең өңдейтін агрокешені (12 млрд теңге), «КегенМясПром» ет комбинаты (3,5 млрд теңге).

Тамақ өнеркәсібі саласында «Galanz Bottlers» компаниясын кеңейту (17,8 млрд теңге), «QAZAQ GLOBAL FOOD JV» (16,5 млрд теңге), «Прима Құс» (14 млрд теңге). Бұл компаниялар экспортқа бағытталған өнім өндіреді.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.