Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қазақстан Түркияға 227 мың тоннаға жуық жасымық экспорттады
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 26 қараша, 2025 | 12:13
1 минуттан кем минут - оқу уақыты

Қазақстан Түркияға 227 мың тоннаға жуық жасымық экспорттады

Еліміз биылғы жиын-терім науқанында алғаш рет 1 млн тонна дәнді-бұршақ дақылдарының өнімін жинаған

Freepik
Freepik

AgroFood Summit 2025 аграрлық конференциясы аясында «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясы мен Түрік астық басқармасы өкілдері арасында ауыл шаруашылығы саласындағы стратегиялық әріптестікті нығайтуға бағытталған келіссөздер жүргізілді.

Түркияға 2024 жылы 141 мың тонна жасымық жеткізілсе, 2025 жылдың алғашқы тоғыз айында бұл көрсеткіш 226,8 мың тоннаға дейін өсті.

Азық-түлік келісімшарт корпорациясының мәліметіне сүйенсек, Қазақстан егіс алаңдарын әртараптандырудың нәтижесінде, 2025 жылы дәнді-бұршақ дақылдарының жалпы өнімі алғаш рет 1 млн тоннадан асқан. Соның 80 пайызы – жасымық.

Келіссөздер барысында тараптар қорларды басқару, нарықты реттеу, сатып алу кампанияларын жүргізу және экспорттық жеткізілімдерді ұйымдастыру мәселелері бойынша тәжірибе алмасты.

Дереккөз: ҚР АШМ

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.