Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. PowerChina Қазақстанда жаңа цифрлық платформасын іске қосады
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 26 қараша, 2025 | 10:54
1 минут - оқу уақыты

PowerChina Қазақстанда жаңа цифрлық платформасын іске қосады

Энергетикалық ауысу жобаларына арналған жаңа платформа жасанды интеллектке негізделген

ҚР Энергетика министрлігі
ҚР Энергетика министрлігі

Қытайдың PowerChina компаниясы энергетикалық ауысу жобаларын тиімді іске асыруға арналған, машиналық оқыту мен жасанды интеллектке негізделген жаңа цифрлық платформасын таныстырды.

ҚР Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов PowerChina Chengdu компаниясының өкілдерімен кездесіп, цифрландыру, «ақылды» құрылыс және жаңартылатын энергия көздерін дамыту бағыттарындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында қытай тарапы жаңартылатын энергия көздеріне арналған бірқатар цифрлық шешімдерін ұсынды. Олардың қатарында ЖЭК нысандарын жоспарлау платформасы және жасанды интеллект қолданатын жобалау мен құрылыс үдерісін мониторингтеу жүйесі бар. Бұл шешімдер энергетикалық инфрақұрылымды жобалау, салу және пайдалануға беру кезеңдерін толық цифрлық экожүйе арқылы басқаруға мүмкіндік береді. PowerChina технологиялары Қытайда және бірнеше елде жүздеген ЖЭК жобаларында қолданылған.

Айта кетейік, 2025 жылдың маусымында ҚР Энергетика министрлігі мен PowerChina кең ауқымды ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойған. Қазір оның аясында энергетикалық ауысу саласында бірлескен зерттеу орталығын құру жұмыстары жүріп жатыр.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.