Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. БАӘ-ге мал өнімдерін экспорттайтын қазақстандық кәсіпорындар саны ұлғайды
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 26 қараша, 2025 | 10:12
1 минут - оқу уақыты

БАӘ-ге мал өнімдерін экспорттайтын қазақстандық кәсіпорындар саны ұлғайды

БАӘ мал өнімдерін импорттаушыларының тізбесінде еліміздің 14 кәсіпорны бар

ҚР АШМ
ҚР АШМ

Шетелдік нарықтарда бәсекеге қабілетті қазақстандық өнімді ілгерілету, соның ішінде мал өнімдерін БАӘ-ге экспорттауға құқылы отандық кәсіпорындар тізбесін кеңейту бойынша жұмыстарды жалғастыруда. Биыл тағы 4 кәсіпорын ресми түрде БАӘ импорттаушыларының тізбесіне енгізілді.

Елімізге жұмыс сапарымен келген БАӘ Тағам қауіпсіздігі агенттігінің басшысы Абдулла Джанаанмен кездескен салалық комитет өкілдері өзара ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, экспорттық жеткізілімдерді арттыру мүмкіндіктерін және азық-түлік қауіпсіздігін бақылау саласындағы өзара іс-қимылды тереңдету болашағын талқылады.

Біріккен әмірлік делегациясы 2020 жылдан бері тізілімде бар және осы елге сиыр еті өнімдерін басты жеткізуші KAZBEEF кәсіпорнында болды. Делегация кәсіпорында енгізілген қауіпсіздік, сапа және өнімнің қадағалануы стандарттарына жоғары баға беріп, ынтымақтастықты кеңейтудің әлеуеті зор екенін атап өтті.

Жалпы, бүгінгі таңда еліміздің мал өнімдерін өндіретін және экспорттайтын 14 компаниясы БАӘ импорттаушыларының тізбесіне енгізілген.

Бұл тізімнің кеңеюі Қазақстанның Таяу Шығыс нарығындағы позицияларын күшейтіп, ұлттық аграрлық экспортты өсіруге қосымша мүмкіндік береді.

Дереккөз: ҚР АШМ

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.