2026 жылы Түркістан облысында жалпы құны 9 млрд теңге болатын заманауи құс фабрикасын салу бойынша ірі инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр.
Құс фабрикасы етті бройлерлерді өндіру және жұмыртқа шығару бағытында жұмыс істейді.
«Инвестор жобаны өз есебінен қаржыландырады. Кәсіпорынның құрылысы 2026–2028 жылдары кезең-кезеңімен жүргізілмек», делінген облыс әкімдігінің ақпаратында.
Облыстық әкімдік мәліметінше, жоба аясында бір өндірістік циклде 60 000 бройлер өсіру жоспарланып отыр, бұл жылына шамамен 1401 тонна құс етін шығаруға мүмкіндік береді.
Одан бөлек, 120 000 жұмыртқа беретін тауық өсіріледі, жылдық өндіріс көлемі 34,9 млн жұмыртқа болады деп есептелген.
Дереккөз: Түркістан облыстық әкімдігі