Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Тұтынушылар құқығын қорғау комитеті 10 айда қазақстандықтарға 2,2 млрд теңге қайтарды
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 24 қараша, 2025 | 13:35
1 минут - оқу уақыты

Тұтынушылар құқығын қорғау комитеті 10 айда қазақстандықтарға 2,2 млрд теңге қайтарды

Қазақстанда тұтынушылар құқығын бұзған 696 кәсіпкер жауапқа тартылды

Qazaqstan Monitor: Тұтынушылар құқығын қорғау комитеті 10 айда қазақстандықтарға 2,2 млрд теңге қайтарды

Тұтынушылардың құқығын қорғау комитетінің аумақтық департаменттері биылғы жылдың қаңтар-қазан айларында  696 бизнес субъектісін әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 23 млн теңгені құрады.

Тұтынушылардың құқығын қорғау комитетінің төрағасы Болат Таңабергенов айыппұл көлемі салыстырмалы түрде төмен екенін, кәсіпкерлік санатына қарай 5-тен 25 АЕК-ке дейін өзгеретінін атап өтті.

«Комитет жұмысының негізгі бағыты — азаматтардың құқығын қалпына келтіру және сапасыз тауарлар мен қызметтер үшін төленген қаражатты қайтару. Биыл тұтынушыларға 2,2 млрд теңге қайтарылды Қаражатты қайтару түрлі шағымдар бойынша жүзеге асырылды, мәселен тұрмыстық техника мен күнделікті тұтынатын тауарларды алмастырудан бастап, сапасыз массаждық жамылғылар, автотомобиль туралы өтініштерді қарап, сапасыз тауар үшін қаржы тұтынушыға қайтарылды», деді комитет басшысы ОҚК өткен брифингте.

Сондай-ақ ол тұтынушылардың құқығын қорғау комитетінің 20 аумақтық департаменті тұтынушылар құқығын қорғау бағытындағы жұмысы жалғастыратынын атап өтті.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.