Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қазақстандық компания Эстонияда фанера зауытын ашады
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 20 қараша, 2025 | 01:47
1 минут - оқу уақыты

Қазақстандық компания Эстонияда фанера зауытын ашады

Компания өндіріске үш жылда 5 млн еуро инвестиция салады

freepik
freepik

Астанада өткен Қазақстан-Эстония бизнес-форумында қазақстандық «Nord Panels» компаниясы Эстонияның Силламяэ портындағы өнеркәсіптік әлеуетті дамыту және оның аумағында фанера зауытын салу жөнінде инвестициялық жоба туралы келісім жасады.

Компания үш жыл ішінде кем дегенде 5 млн еуро инвестиция салып, фанера шығаруды жолға қоюды және жаңа жұмыс орындарын ашуды жоспарлап отыр. Болашақ кәсіпорын Еуропалық сапа және экологиялық қауіпсіздік стандарттарын сақтай отырып, жылына 30 000 м³ өнім өндіруді көздейді.

Айта кетейік, Солтүстік Қазақстан облысы мен Эстония арасындағы өзара сауда көлемі 2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 5,9 млн АҚШ долларына жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5 есеге артты.

Еске салсақ, Астанада Қазақстан-Эстония бизнес форумы өтіп, онда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эстония Президенті Алар Карис қатысып, сөз сөйледі. Бизнес-форум аясында екі ел компаниялары жалпы құны 517 миллион доллардан асатын 11 коммерциялық құжатқа қол қойылғаны хабарланды.

Дереккөз: СҚО әкімдігі

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.