Қазақстанның Туризм және спорт министрлігі қазақстандық және шетелдік қонақтарға арналған қысқы демалысқа баруға тұрарлық үздік 7 бағытты ұсынды.
Туризм министрлігі қысқы демалысты өткізуге болатын үздік жеті жердің тізімін жасады. Олар:
Риддер, Шығыс Қазақстан облысы – Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы;
Катонқарағай ұлттық табиғи паркі;
Алматы қаласы – тау шаңғы және қысқы спорт орталығы;
Бурабай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі;
Көкшетау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі – Шалқар-Имантау көлдері, қайың тоғайлары;
Жоңғар Алатауы – Жетісу өңірі;
Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі.
Еске салсақ, бұған дейін елімізге келген туристер ақшасының үштен бірін тамақтануға жұмсайтынын хабарлаған болатынбыз. Шетелдік туристер ұлттық әшекейлер мен өнер туындыларына көп қызығушылық танытады. Kazakh Tourism деректеріне сәйкес, орта есеппен шетелдік туристер өз қаражатының басым бөлігін, яғни 27%-ын еліміздің мейрамханалары мен дәмханаларында тамақтануға жұмсайды.
Дереккөз: Туризм министрлігі