Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Атырауда полиэтилен өндірісіне негіз болатын газ сепарациялық кешенінің құрылысы басталды
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 20 қараша, 2025 | 16:43
2 минут - оқу уақыты

Атырауда полиэтилен өндірісіне негіз болатын газ сепарациялық кешенінің құрылысы басталды

Кешеннің қуаты жылына 9,1 млрд м³ құрғақ газ өңдеуге жетеді

gov.kz
gov.kz

Атырау облысының Теңіз кен орнында Қазақстанның газ-химия өнеркәсібін ұзақ мерзімді дамытудың маңызды кезеңін білдіретін газ сепарациялық кешенінің (ГСК) құрылысы басталды, бүгін алғашқы қадасын қагу рәсімі өтті.

Жобаны «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның еншілес кәсіпорны – «KMG PetroChem» ЖШС жүзеге асырып жатыр. Қуаты жылына $9,1$ млрд м³ құрғақ газ өңдеуге жететін бұл кешен ең алдымен $1,6$ млн тоннаға дейін полиэтилен өндіретін «Силлено» ЖШС зауытын этанмен қамтамасыз етуге бағытталған, бұл елдің жоғары қосылған құны бар өнімдер шығару стратегиясындағы басты қадам болмақ.

Нысанның қуаты жылына 9,1 млрд м³ құрғақ газ өңдеуге жетеді. Аталған Газ сепарациялау кешенінің құрылысы – Қазақстанның газ-химия өнеркәсібін дамытудың маңызды кезеңі болып отыр, саланың ұзақ мерзімді өсуіне негіз қалайды.

Бірінші кезекте жоба полиэтилен өндіретін «Силлено» ЖШС зауытын жылына 1,6 млн тоннаға дейін этанмен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар кешен жылына 360 мың тоннаға дейін пропан өндіреді. Бұл фракциялар «Теңізшевройл» ЖШС жеткізетін құрғақ тазартылған газдан бөлініп алынады.

Жалпы, нысан құрылысы аясында саны 22 мыңға дейін қада қағу жоспарланған.

«Барлық қада қазақстандық өндірушілерден сатып алынады. Жоба шеңберінде отандық кәсіпорындар шығаратын өнім ауқымды көлемде пайдаланылмақ: 1 млн 193 мың м³ инертті материал, 27 мың тоннадан астам металл конструкциялар, сондай-ақ негізгі электр-техникалық жабдықтар (7 модульдік қосалқы станция, 62 трансформатор, 220 кВ ашық тарату құрылғысы) және ірі технологиялық жабдықтар – пропан сақтауға арналған көлденең буллиттер мен 4 ірі колонна», делінген Атырау облыстық әкімдігі таратқан хабарламада.

Қазақстанда газ сепарациялау кешенінің іске қосылуы тұрақты шикізат базасын қалыптастыруға, жоғары қосылған құны бар өнім шығаруға мүмкіндік береді.

Жоба шеңберінде қазақстандық қамту үлесін арттыруға ерекше назар аударылады. Құрылыс кезеңінің ең қарқынды сәтінде 3 500-ге дейін уақытша жұмыс орны, сондай- ақ 400 тұрақты жұмыс орны құрылады. Кешенді іске қосу 2028 жылдың соңына, ал толық пайдалануға беру 2029 жылға жоспарланып отыр.

Айта кетейік, сұйытылған көмірсутек газдарын өңдеу және фракциялау саласында әлемдік жетекші Honeywell UOP компаниясының технологиялық шешімдері кешеннің негізгі технологиясына айналады.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.