Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Инвестицияның жемісі: Шымкентте жаңадан салынған жылыжайдың алғашқы өнімі жиналды
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 20 қараша, 2025 | 17:02
1 минут - оқу уақыты

Инвестицияның жемісі: Шымкентте жаңадан салынған жылыжайдың алғашқы өнімі жиналды

Жылыжайдың құрылысы былтыр басталған еді

gov.kz
gov.kz

Шымкентте «Alsera KZ» жылыжай кешенінің ашылуы аясында алғашқы қызанақ өнімі жиналды. Құны 650 млн АҚШ долларын құрайтын ірі инвестициялық жобаның құрылысы өткен жылы жазда басталған.

Жаңа жылыжайдың алғашқы өнімін жинауға ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров қатысты. Оның сөзінше, бұл жобаның жүзеге асуы ірі инвестиция тарту және мемлекет пен бизнес арасындағы тиімді әріптестіктің нәтижесі бола алады. Айтуынша, жоба – инвесторлардың Қазақстан экономикасына жоғары сенімінің және оның тұрақты дамуына деген сенімділіктің нақты дәлелі.

«Мұндай ынтымақтастық тәжірибе алмасуға, технология енгізуге және аграрлық сектордағы тауар айналымын арттыруға зор мүмкіндік береді. Бірлескен жұмыс азық-түлік қауіпсіздігін күшейтіп, ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттырады деп сенеміз. Мемлекет жобаның барлық кезеңінде инвесторларға қажетті қолдау көрсетуге дайын», деді министр.

Еске салсақ, құны 650 млн АҚШ долларын құрайтын ірі инвестициялық жобаның құрылысы өткен жылы жазда басталған болатын. Кешеннің жылдық өндірістік қуаты 155 мың тоннаға есептелген. Жалпы аумағы 650 гектар, бірінші кезеңде 208 гектар аумақта салынады.

Биылғы жылдың соңына дейін 40 гектар аумақтағы құрылыс аяқталып, өндіріс көлемін ұлғайтуға және ішкі нарықты жаңа піскен көкөніспен қамтамасыз етуге мүмкіндік туады. Бірінші кезең іске қосылғаннан кейін шамамен 2 мың жұмыс орны, ал жоба толық аяқталған соң 5 мың жұмыс орны ашылады.

Бұған қоса, «Alsera KZ» жобасы аясында халықаралық стандартқа сай заманауи зертханасы бар арнайы агроакадемиялық орталық салу жоспарланған.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.